• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:05:49
Алматы
+35°

 

Халықаралық «Шекарасыз репортерлер» ұйымы баспасөз бостандығына тосқауыл жасаған танымалы тұлғалардың тізімін жасады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

Аталған тізімге Ресей Президенті Путин, Шешенстан Республикасы президенті Рамазан Қадыров бастаған лидерлер тағы да кірген.

Айта кетер болсақ, Путин аталған тізімнен 2000 жылдан, президент болғалы бері шыға алмай келеді. Ал, Қадыров болса 2005 жылдан аталған тізімде.

Путин тізімде «ұлттық авторитаризм» тактикасын қолданып, баспасөзге қысым жасаушы тұлға ретінде орын алған.

Тізім авторлары «Совет билігі құлағалы берігі уақытта Ресейде мүлде аз тәуелсіз ақпарат көзі қалды» дейді. Путиннің баспасөзге қысымына «ылғи да қитұрқы заң қабылдайтын» Мемлекеттік Дума, «Тәуелсіз БАҚ-ты сатып алатын» олигархтар, күштік құрылымдар көмектеседі.

Тізімге сондай-ақ ТМД елдерінен Әзербайжан президенті Ильхам Алиев, Белорусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Назарбаев пен  Түркмен басы Гурбангулы Бердымухамедовтер де енген.

Сонымен қатар Қытай, Түркия, Сауд Арабия елдерінің де президенттері тізімнен ойып орын алған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір