• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:15:27
+35°

03 Қараша, 2016 NEWS

ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛ БЕКЕТТЕРІНІҢ АТАУЫ ҚАЗАҚШАЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму министрілігі

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму министрілігі сайтындағы ақпарат бойынша, ҚР Үкіметі жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2016 жылдың 1 қарашасында өткен кезекті отырысында Қазақстандағы теміржол станцияларының атауын қарау мәселесі көтеріліп, онда комиссия мүшелерінің шешімімен 90 станцияның атауы жаңартылды. Төмендегі кестеде бұрынғы атуы мен қазақша және орыс тіліндегі жаңарған атаулары беріліп отыр. Айта кетейік, ұсынылған станция атауларының барлығы 92, оның ішінде 87 станцияның атауы «ҚТЖ» ҰК» АҚ хатымен ұсынылды, Алматы облысы Панфилов ауданы әкімінің хатымен 5 ұсынылды. 2 станцияның атауы қайта пысықтауға жіберілді (Пешковка, Глубокое).

Еске сала кететін болсақ, «Қамшы» тілшісі Нұрғали Нұртай осы мәселені көтеріп, министрлік атына хат жазған болатын:

***

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму Министрі 
ҚАСЫМБЕК ЖЕҢІС МАХМҰДҰЛЫ АТЫНА;

ҚР ИДМ кеңесшісі әрі Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі
ҚҰРМАНҒАЛИ БЕРІК УӘЛИҰЛЫ атына;

«Тілге деген көзқарас, шындап келгенде елге деген көзқарас» дейді Елбасымыз. «Тіл дегеніміз – қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі ғана тағдыры емес, бүрсігүні де тағдыры» дейтіні бар Момышұлының. 
Қазақстан Темір Жолының электрондық витринасынан билет алған сайын бекеттер мен аялдамалардың географиялық, топонимикалық атауларының билетте тек орыс тілінде жазылғанын көреміз. Екі айдан астам уақыт бұрын ҚТЖ сайтынан жақындарыма билет алып отырып, осы мәселе бойынша Ұлттық компания атына электронды форматта жазбаша хат жолдап, аялдамалар мен станциялар атаулары туралы азаматтық пікірімді білдірген едім.
Бүгін, екі ай уақыт өткеніне қарамастан «ҚТЖ»ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті міндетін атқарушы Асылхан Қалдыкөзов мырзаның жауап хатын алып, бір марқайып, бір таңырқап отырмын. Марқайғаным, АҚ-ның Стратегиялық даму және жаңа технологиялар жөніндегі атқарушы директоры Асылхан мырзаның жазуынша, станция атауларын қайта атау(қазақыландыру деп түсініңіз) мәселесінің бұған дейін-ақ қолға алынғаны. Осы мәселе бойынша Инвестициялар және Даму министрлігіне хаттың жолдануы. Таңырқағаным, ИДМ-нің, «аталған шаралардың қаржы салымын қажет етпейтіні» белгілі болса да компания хатын жауапсыз қалдырғаны болып отыр. ҚТЖ мәселе бойынша өткен 2015 жылдың 9 ақпанында ИДМ-ге арнаулы хат жолдаған, ҚТЖ компаниясының жазуынша, арада 18 ай өтсе де, министрлік күрмеуі оңай мәселені шешпей, хатты жауапсыз қалдырған. 

Қазақстанда тіл мәселесінің ширек ғасырдан бері өткір сыпатта екені белгілі. Тіл дегенде, «мемлекеттік тіл» статусы бар қазақ тілінің тұтас ел аумағында жалпы қолданысқа еніп, Қазақстан халқының қарым-қатынас құралына айнала алмауы. Осы мақсатта үкімет әр жылдары түрлі бағдарламалар жасап, миллиардтаған қаржылар бөлсе де, мемлекеттік мекемелер, қарапайым азаматтар былай тұрсын, үкіметбасының өзі бір жиналысын таза мемлекеттік тілде өткізе алмай келеді. 
«Қазақстан Темір Жолы» - Қазақстан бойынша ең көп қолданыстағы транспорттық құрал. Жері байтақ Қазақ даласының автожолдары мың жамауланып, қотырланып жатқандықтан халық ат аяңымен жүретін болса да осы темір жолы қатынасын таңдайды. Сынай сөйлесек те, темір жолдың тұтас Қазақстанды байланыстыратын ең қолайлы магистраль екені рас. Автожолдары мен Әуежолдарына қарағанда халық көп тұтынады. ҚТЖ сайтындағы 3 жыл бұрынғы есепте, 2013 жылғы жолаушылар саны 13 078 439 адамға жеткені туралы көрсетілген, одан бері бұл статистика артпаса кемімегені анық. Оған ҚТЖ қызмет көрсетуінің ол уақытқа қарағанда жақсара түсуі мен техникалық жағынан жаңаруын, елдің демографиялық өсімін негіз етіп айтуға болады.
Ойлап қарасақ, жыл сайын 15 миллион жолаушының билетінде аялдама атаулары Қазақ тілінде көрсетіліп тұратын болса, бұл «мемлекеттік тілдің» халық арасында жалпыласуына қаншалықты орасан үлес болатын еді. Бір «мемлекеттік тілдегі» билет, қазақ тілін насихаттайтын бір брошюра іспетті. Оның үстіне жер атауларының бұрмаланып, тек бір тілде көрсетілуі заңға да қайшы, 25 жыл тәуелсіз өмір сүрген мемлекет атына да сын, халыққа да қиянат. Әлі күнге «Чу», «Аксуат» деп тұрғаны құрметті Махмұдұы және Уәлиұлы, сіздерге де ыңғайсыз көрінетін шығар. «АЛМА АТА 1», «Семипалатинск», «Мангышлак» деп кете беретін тасқа керткен таңбадай қазақшаланбай тұрған атаулар намысымызға тиеді. 

ҚТЖ-ның ИДМ-ге жазған хатында атауының өзгертілуі сұралып, 85 станция берілген. Бұл тізімге кірмей қалған Павлодар мен Ақмола облыстарындағы аялдама атауларының да қазақшалануын сұраймын. Бұл мәселеден сырт, әуе тасымалында да Қазақстан әуежайлары атаулары дерліктей СССР заманын меңзеп, сол уақыттың атауымен кодталып тұр. Астана – Целиноград(TSE), Атырау – Гурьев(GUW), Тараз - Джамбул(DMB) деген сияқты бізге мазақ айтып тұрады. Осы және басқа көптеген елдімекен атаулары тәуелсіздік алған соңғы әр жылдарда Елбасының жарлығымен байырғы қазақты атауларына қайтарылған болатын. Арада жылдар өтсе де құжаттық таңбалары өзгермей-ақ қойды. 

Қосымша да, маған келген хат мазмұндарын сурет форматында жүктедім. Павлодар мен Петропавлдың аты өзгертілуіндей қиын мәселені емес, «ешқандай қаржы салымын қажет етпейтін» осы шаруа туралы хатты елеусіз қалдырмайсыздар деп үміт етемін. Ел азаматы, тұтынушы ретінде бұл мәселенің бүгінге дейін шешілмей келуіне қандай кедергілер болғанын білгім келді. Орыс тілінде сұранысы бар жолаушыларға орыс тілінде-ақ кедергісіз қызмет беретін, қазақ тіліндегі тұтынушылардың да қажетінен шығуға тиіс осы мәселені жеделдетіп қолға аласыздар, жақын арада нәтижесін халыққа ұсынасыздар деп сенемін. 

***

Өз кезегінде ҚР ИДМ кеңесшісі әрі Қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Берік Уәли мырза төмендегідей жауап хатын жолдаған болатын:

 

«Құрметті Нұрғали Нұртай мырза!


Тілге деген, елге деген жанашырлығыңыз үшін ең алдымен Сізге үлкен рахмет! Теміржол бекеттерінің атауларын қайта қарау туралы мәселе әуелден ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің басты назарында. Министрлікте ономастика мәселелері жөніндегі жұмысты жүйелі жүргізу үшін жұмыс тобы құрылған. ҚР ИДМ еліміздегі 85 теміржол бекетінің атауын өзгерту туралы 2015 жылы 4 наурызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетіне хат жолдаған. Бұл мәселе Тіл комитетінде қаралып, атауы өзгертілетін тағы 5 станция қосылды. Сөйтіп бас-аяғы 90 бекеттің атауын тізімге енгізіп, Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберді.
Министрлік өз кезегінде, «ҚР ұйымдарды, темiржол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық нысандарды атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 

24 сәуірдегі № 395 қаулысына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алғаннан кейін ҚР Үкіметіне теміржол станцияларының атауларын қайта атау туралы қаулы жобасын енгізетін болады.

Ал Сіз тілге тиек етіп отырған ҚТЖ-ның 2015 жылғы 9 ақпандағы Министрлікке жолдаған хаты, Министрліктің ономастикалық мәселелерге қатысты сұратқан хатына жауап ретінде жіберілгенін атап өтеміз (2015 жылғы 16 қаңтардағы №03-07/351 хаты).

Енді Қазақстан әуежайларының атауларына келетін болсақ, 2014 жылдың 18 наурызында Министрлік Халықаралық әуе көлігі қауымдастығына бірнеше қазақстандық әуежайлардың орналасқан жеріне қарай атауларын өзгерту мүмкіндіктерін қарастыру жөнінде өтініш жасаған болатын. 2014 жылдың 28 сәуірінде Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы ИАТА әуежайларының үш әріпті коды тұрақты негізде бекітілгенін және әлем бойынша, барлық жүйеге үлкен шығын келтіруіне байланысты өзгерту мүмкін еместігін хабарлады. Сонымен қатар, үш әріпті код өзгеретін болса, әуекомпанияларының ілеспе тауарлары, мысалы, жүк биркалары, кестелер және тағы осы сияқты атауларды да өзгертуге тура келеді. Бұл өзгертулер жоғарыда аталғандай үлкен шығын. Әйтсе де, ҚР ИДМ бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.»

***

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму министрілігі жариялаған өзгерген темір жолы бекеттерінің атауы:

Стансаның бұрынғы атауы

Жаңадан берілетін

атауы немесе транскрипциясы

Орыс тіліндегі транскрип

циясы

Орналасқан жері

(облыс, аудан, ауылдық округ)

Қостанай темір жол бөлімшесі

 

1.

Джаныспай

Жанысбай

Жанысбай  

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Шолақашы ауылдық округі

2.

Аксу

Елімай

Елимай

Қостанай облысы, Таран ауданы

3.

Темир-Булак

Темірбұлақ

Темирбулак

Қостанай облысы, Қостанай ауданы

4.

Джетыгара

Жетіқара

Жетикара

Қостанай облысы, Жітіқара ауданы

5.

Кустанай

Қостанай

Костанай

Қостанай облысы, Қостанай қаласы

Павлодар темір жол  бөлімшесі

 

6.

Ерментау

Ерейментау

Ерейментау

Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы

Қарағанды темір жол  бөлімшесі

 

7.

Вишневка

Аршалы

Аршалы

Ақмола облысы, Аршалы ауданы

8.

Осакаровка

Сарыбел

Сарыбел

Қарағанды облысы Осакаровка ауданы

9.

Карьерная

Ортас

Ортас

Қарағанды облысы Теміртау қаласы, Жаңаауыл стансасы

Шығыс Қазақстан темір жол  бөлімшесі

 

10.

Лениногорск

Риддер

Риддер  

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы

11.

Защита

Өскемен-1

Оскемен-1

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Семей темір жол  бөлімшесі

 

12.

Семипалатинск

Семей

Семей  

Шығыс Қазақстан облысы, Семей  қаласы

13.

Семипалатинское отделение дороги

Семей жол бөлімшесі

Семейское отделение дороги

Шығыс Қазақстан облысы, Семей  қаласы

Алматы темір жол  бөлімшесі

 

14.

Алма-ата 1

Алматы 1

Алматы 1

Алматы қаласы

15.

Алма-ата 2

Алматы 2

Алматы 2

Алматы қаласы

16.

Талды-Курган

Талдықорған

Талдыкорган

Алматы облысы, Талдықорған қаласы

Ақтөбе темір жол  бөлімшесі

 

17.

Биршогыр

Бершүгір

Бершугир  

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір ауылы  

18.

Кимперсай

Кемпірсай

Кемпирсай

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша селолық округі

19.

Киргильда

Әлімбет

Алимбет

Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Әлімбет селолық округі

Орал темір жол  бөлімшесі

 

20.

Шипово

Тасқала

Таскала  

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы

21.

Ростошский

Белес

Белес

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес селосы

22.

Чингирлау

Шыңғырлау

Шынгырлау

Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы

Шымкент темір жол  бөлімшесі

 

23.

Чимкент

Шымкент

Шымкент

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

24.

Кзыл-сай

Қызылсай

Кызылсай

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы

25.

Кургасын

Қорғасын

Коргасын

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы

26.

Ченгельды

Шеңгелді

Шенгелды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға селолық округіне қарасты Шеңгелді ауылы

27.

Чанак

Шанақ

Шанак

Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы,

Шанақ селолық округі 

28.

Джилга

Жылға

Жылга

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Жылға селолық округі 

29.

Монтай-таш

Монтайтас

Монтайтас

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, Монтайтас селолық округіне қарасты Монтайтас ауылы

30.

Уртабад

Отрабад

Отрабад

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Темір селолық округі 

31.

Кара-Кунгур

Қарақоңыр

Караконыр

Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қарақоңыр селолық округі

32.

Сары-агач

Сарыағаш

Сарыагаш

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы,  Сарыағаш қаласы

33.

Арысь-2

Арыс-2

Арыс-2

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Арыс қаласы

34.

Арысь-1

Арыс-1

Арыс-1

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының Арыс қаласы

35.

Пахтаарал

Мақтаарал

Мактаарал

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы

36.

Джетысай

Жетісай

Жетысай

Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданы

37.

Черноводский

Игілік

Игилик

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам  ауданы Жаңаталап селолық округы, Игілік ауылы

38.

Сергиевка

Ынтымақ

Ынтымак

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы

Жамбыл темір жол  бөлімшесі

 

39.

Джамбул

Тараз

Тараз

Жамбыл облысы Тараз қаласы

40.

Чу

Шу

Шу

Жамбыл облысы Шу ауданы, Шу қаласы

41.

Бурное

Боранды

Боранды

Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы

42.

Чольдала

Шөлдала

Шолдала

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы, Құмшағал селолық округі Шөлдала ауылы 

43.

Чайкурук

Шайқорық

Шайкорык

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл селолық округі Шайқорық ауылы

44.

Чебакты

Шабақты

Шабакты

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Шабақты ауылы

45.

Учбулак

Үшбұлақ

Ушбулак

Жамбыл облысы Байзақ ауданы 

46.

Акчулак

Ақшолақ

Акшолак

Жамбыл облысы Байзақ ауданы 

47.

Татты

Тәтті

Татты

Жамбыл облысы Меркі ауданы 

48.

Чиганак

Шығанақ

Шыганак

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы  Шығанақ селолық округі

49.

Кошкентениз

Қашқантеңіз

Кашкантениз

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы  Мынарал селолық округі

50.

Чокпар

Шоқпар

Шокпар

Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар селолық округі

Қызылорда темір жол  бөлімшесі

 

51.

Саксаульская

Сексеуіл

Сексеул  

Қызылорда облысы Арал ауданы

52.

Конту

Күнту

Кунту

Қызылорда облысы Арал ауданы

53.

Аральское море

Арал теңізі

Арал тенизи

Қызылорда облысы Арал ауданы

54.

Арал-кум

Аралқұм

Аралкум

Қызылорда облысы Арал ауданы Аралқұм селолық округі

55.

Чумыш

Шөміш

Шомиш

Қызылорда облысы Арал ауданы Шөміш селолық округі

56.

Камышлыбаш

Қамыстыбас

Камыстыбас

Қызылорда облысы Арал ауданы Қамыстыбас селолық округі

57.

Бикбаули

Бекбауыл

Бекбауыл

Қызылорда облысы Арал ауданы Бекбауыл селолық округі

58.

Казалинск

Қазалы

Казалы

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Қазалы қаласы

59.

Уинду

Үйінді

Уинди

Қызылорда облысы Қазалы ауданы  Қарашеңгел селолық округі

60.

Кубек

Көбек

Кобек

Қызылорда облысы Қазалы ауданы  Қарашеңгел селолық округі

61.

Майлибаш

Майлыбас

Майлыбас

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майлыбас селолық округі

62.

Бай-хожа

Байқожа

Байкожа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы Майлыбас селолық округі

63.

Тюратам

Төретам

Торетам

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төретам селолық округі

64.

Дюрменьтюбе

Диірментөбе

Дирментобе

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы селолық округі

65.

Хор-хут

Қорқыт

Коркыт

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы селолық округі

66.

Урдазы

Ордазы

Ордазы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы селолық округі

67.

Джусалы

Жосалы

Жосалы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы селолық округі

68.

Ана-куль

Анакөл

Анаколь

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы селолық округі

69.

Кизил-там

Қызылтам

Кызылтам

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Қармақшы селолық округі

70.

Кара–кеткен

Қаракеткен

Каракеткен

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен селолық округі

71.

Джалагаш

Жалағаш

Жалагаш

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жалағаш селолық округі

72.

Терень-узяк

Тереңөзек

Теренозек

Қызылорда облысы Сырдария  ауданы Тереңөзек селолық округі

73.

Кара-узяк

Қараөзек

Караозек

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы, Қараөзек селолық округі

74.

Кзыл-орда

Қызылорда

Кызылорда

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы

75.

Белкуль

Белкөл

Белкол

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы, Белкөл кенті

76.

Берказань

Бірқазан

Бирказан

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы, Белкөл кенті

77.

Соло-тюбе

Сұлутөбе

Сулутобе

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе селолық округі

78.

Тартугай

Тартоғай

Тартогай

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай селолық округі

79.

Чиили

Шиелі

Шиели

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі селолық округі

80.

Екпенды

Екпінді

Екпинди

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді селолық округі

81.

Тюмень-арык

Төменарық

Томенарык

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы  Төменарық  селолық округі

82.

Буртескен

Бөрітескен

Боритескен

  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы  

83.

Беш-арык

Бесарық

Бесарык

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы  Талап селолық округі

Алматы облысы Панфилов ауданы

 

84.

Станция Қорғас

Алтынкөл  станциясы

станция Алтынколь

Панфилов ауданы

85.

Станция Жаркент

Құндызды станциясы

станция Кундызды

Шолақай ауылдық округі

86.

Разъезд №7

Айдарлы разъезі

разъезд Айдарлы

Айдарлы ауылдық округі

87.

Разъезд №8

Керімағаш разъезі

разъезд Керимагаш

Қоңырөлең ауылдық округі

88.

Разъезд №9

Иінтал разъезі

разъезд Иинтал

Пенжім ауылдық округі

Маңғыстау темір жол  бөлімшесі

 

89.

Мангышлак

Маңғыстау

Мангистау  

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Маңғыстау кенті

90.

Ералиево

Қарақия

Каракия

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

 

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір