• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:18:14
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 Әлеумет

А. Мұхамедиұлы Т. Жаманқұловты бостандыққа шығару үшін өтініш бермек

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынған Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты...

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қаржы жымқырды деген айыппен қамауға алынған Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты босату туралы тергеу органдарына өтініш бермек, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Бұл туралы бірнеше адаммен бірге А. Мұхамедиұлымен кездескен  белгілі саясаттанушы Ерлан Саиров мәлімдеді.

«Бір топ адам Мәдениет және спорт министрімен кездесіп, ҚР Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловты босату туралы өтініш жасадық. Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты өзінің жеке жауапкершілігіне тапсырып, қамаудан босату туралы өтініш беретінін айтты», - деп жазады Е. Саиров.

Естеріңізге салсақ, 69 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырды деген айыппен Т. Жаманқұлов кеше ұсталған болатын. енді қолданыстағы заңнамаға сәйкес, үш күн ішінде тергеу кезінде қолданылатын бұлтартпау шарасы сот шешімімен белгіленетін болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір