• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:23:37
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 Ғылым-білім

Алматыда ЮНЕСКО желісінің отырысы өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Алматыда ЮНЕСКО-ның (SACAM) Оңтүстік және Орталық Азия биосфералық резерваттар...

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Алматыда ЮНЕСКО-ның (SACAM) Оңтүстік және Орталық Азия биосфералық резерваттар желiсiнің «Биосфералық резерваттар және тұрақты даму» атты 8-ші отырысы өтті. Талқылаудың басты тақырыбы «Адам және биосфера» (МАБ) ЮНЕСКО бағдарламасының 2016-2025 жылдарына арналған Лима жоспарына арналды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың атынан ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО ісі бойынша бас хатшысы Асель Утегенова кездесуді ашты. «Ауыл шаруашылығы министрлігі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды арттыру үстінде, биосфералық резерваттар арнайы бөлімше болып табылады. Қазақстанда биосфералық резерваттардың алғашқысы 2012 жылы ЮНЕСКО бірінші рет Қорғалжын мемлекеттік қорығының қазақстандық өтінімін қабылданғанда пайда болды. Бүгінгі күні республика бойынша олар алтау» - деп Асель Утегенова вице-министрдің баяндамасында атап өтті.

Спикерлер мен баяндамашылар табиғи ортаныжәне биологиялық ресурстарды зерттеуде еліміздің ғалымдарының ұзақ мерзімді жұмысын жоғары бағалады және МАБ бағдарламасын дамытуға ерекше назарларынаударды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов өз сөзінде, «ғаламшарымыздың биологиялық алуантүрлілікті сақтау, жердің тұрақтылығы үшін ең маңызды экологиялық факторлар адамзат қоғамының дамуының ажырамас бөлігі болып табылады» - деп атап өтті. Ректор ұлттық университет«Адам және биосфера» бағдарламасын белсенді түрде жаһандық және ұлттық деңгейде жүзеге асырып жатқанын атап өтті.

Бұған  дәлел  МАБ-тың  Лима іс-қимыл жоспарының және жаһандық стратегияның 12 әзірлеушісінің бірі болып біздің университетіміздің тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының профессоры, сондай-ақ МАБ Қазақстандық ұлттық комитеттің төрағасы Роман Ященко болып табылады. МАБ Қазақстандық ұлттық комитеттің құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың төрт қызметкері кіреді, олар география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Виталий Сальников, кафедралардың басшылары Хайни-Камал Қасымханова, Гүлнар Нюсупова және доцент Диляра Вудворд.

Барынша әсерлі болу үшін халықаралық сарапшылардың қатысуы қажет. Олардың көпшілігі,  мұндай ауқымдағы кездесулер аймақтағы мәселелерге нақты мәлімдеме береді деп есептейді. «Мен сіздерге біздің жұмысымыздың маңыздылығын егжей-тегжейлі айтпаймын, бірақ бірінші кезекте біздің іске бірнеше елдердің қосылуына алып келген  өткізілген шаралардың тиімділігін атап өткім келеді. Ал бұл үлкен нәтиже!» - деп Нью-Дели штаб-квартирасынан SACAM хатшысы Рам Буж айтты.

Кездесу барысында Қазақстанда  қолданыстағы 6 биосфералық резерваттар туралы баяндамаларды, сондай-ақ Қазақстаннан Қаратау қорығын және Алтын-Емел Ұлттық саябағын  ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар дүниежүзілік желісіне енгізу туралы екі жаңа өтінімдерді жоғары бағалады. «Ұйымдастыру комитетінің бірлескен жұмысының және жаһандық мәселелердің шешімін табуға конференция делегаттарының ұмтылысының арқасында бұл кездесу жақсы өтті, әсіресе Қазақ Ұлттық университеті кездесудің жоғарғы деңгейде өтуіне зор үлесін қосты» - ЭҚҰ  ғылыми қорының профессоры Манзур Сумро деді.

Кездесу барысында, әрбір қатысушыелдерөздерінің резерваттарды сақтау туралы аралық және қорытынды нәтижелері бойыншаесептерін берді. Кейбір бағдарламалардың  үйлестірушілері жұмысына сіңірген еңбегі үшін МАБ хатшысы, ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросының, ғылыми бағдарламаларының маманы Мари Прхалова қолынан дипломдар алды. «Биосфералық резерват Алтын Емел» номинациясын дайындау бойынша жұмыстарға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің қатысуы Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамының тарапынан қолдау тапты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір