• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:01:48
+35°

03 Қараша, 2016 Фото-баян

Мұсылмандарсыз әлемде болмауы мүмкін 19 зат

Ислам әлемі әрдайым  құпиялығымен өзіне тартады.  Бірақ, олардың әлемге қандай құнды дүниелер сыйлағанын білмейтін де боларсыз. 

Ислам әлемі әрдайым  құпиялығымен өзіне тартады.  Бірақ, олардың әлемге қандай құнды дүниелер сыйлағанын білмейтін де боларсыз. Біз бүгін кофе ішіп отырсақ, мейрамханаларда түскі асты үш түрлі тағаммен беріп жатса, соңынан есеп қағазын әкелсе онда осының бәрі мұсылмандардың еңбегі. Сонымен ислам әлемі бізге не қалдырғанын Qamshy.kz порталы сіздерге ұсынады.

1.     Кофе

Бір аңызға сүйенсек, араб Халид (Khalid)  оңтүстік Эфиопия аймағындағы  Каффе деген жерде қойларын жайып жүріп, белгілі бір жемістерді жегенде жануарлардың энергиялы болатынын байқайды. Содан Халид солар қоректеніп жүрген шөптерді жинап, алғашқы кофесін қайнатады.   

Кофе түйіршіктеріні сыртқа шығуы жайлы алғашқы  ақпараттар  мен кофе экспорты  Эфиопиядан Йеменге тасымалданған деп беріледі. 15 ғасырда оны Мекке мен Түркияға кіргізген, осы арқылы ол 1645 жылы Венецияға жетті. Англияға түйіршіктерді түрік Паскуа Роси (Pasqua Rosee)  1650 жылы әкеліп, алғашқы кофехананы лондондық Ломбард көшесінде ашқан.
 

“Кофе” сөзінің жолы өте ұзақ: арабша  “qahwa” түріктің “kahve” сөзіне айналған. Итальяндықтар оны “caff?” десе, ағылшындықтарда  “coffee” сөзі пайда болды.

2.     Камера

Ежелгі гректер адам көзі жарық шығарады және адамдар осының арқасында көреді деп ойлады.  Ал жарықтың көзге кіретінін Ибн аль-Хайтам (Ibn al-Haitham) ашқан, ол мұсылман математигі,  астроном және физик, 10 ғасырда өмір сүрген.

Саңлау арқылы жарықтың түсетінін байқаған ол, саңлау қаншалық аз болса, картинканың соншалық жақсы көрінетінін байқап, алғашқы камера-обскурды байқаған  (“qamara” араб тілінен аударғанда  “қараңғы немесе бөлек бөлме”) дегенді білдіреді.  Сондай-ақ,  аль-Хайтам физиканы философия ғылымдары тобынан эксперименталды ғылымға ауыстырған адам. 

 

3. Шахмат

Шахматта ежелгі үнділіктер ойнаған, бірақ ойын бүгінгі біз білетін ойыннан басқаша болған. Заманауи нұсқасы Персияда пайда болды, осылай батыс Еуропаға тарады: 10 ғасырда Испанияда ойын маврлар арқылы тарады.  

4. Парашют

Ағайынды Райттарға дейінгі мың жылдықта ұшу аппараты мұсылман ақыны, астроном және инженер  Аббас ибн Фирнасудың (Abbas ibn Firnas) ойына келген.

852 жылы ол мешіт шатырынан кең ашылатын, ағаш тақтайлар жапсырылған  плащта  секіреді.  Фирнас құстай ұшатынына сенімді болады, бірақ олай болмай шығады. Плащ жерге құлауды ақырындатып, бірінші парашюттердің бірі болды, ал ғалым болса жеңіл жарақаттармен құтылады.  

70 жасында өз құрылғысын дамытқан Фирнас өз әрекетін таудан секіріп қайталайды. Ол ауада 10 минуттай тұрып, құрылғысының қондыру құйрығы болмағандықтан жерге құлайды.

5. Сабын мен сусабын

Күн сайынғы шомылу – исламның басты талаптарының бірі. Мүмкін, сол үшін мұсылмандар сабынды жақсарту рецептісімен айналысты.  

 Сабынға ұқсайтын нәрсенің ежелгі гректерде және римляндарда болғаны белгіні, бірақ өсімдік майын натрий гидроксиді және хош иісті қоспалармен біріктіру арабтардың ойына келген.

Англияда сусабын 1759 жылы пайда болды,  белгісіз бір мұсылман Брайтонда монша ашқан.  

 

6. Заманауи химия

Ябир ибн Хайян (Jabir ibn Hayyan) –  алхимияны   химияға айналдырған ғалым.   9  ғасырда ол замануи химияда пайдаланылатын процесстерді ашты: дистилляция, кристаллизация, балқыту, рафинация, қышқылдандыру, булау және фильтрация. Хайян күкірт және азот қышқылын ашты, соның арқасында айдайтын құрылғы жасап шығарды, осының арқасында бүкіл әлем алкогольді сусындар мен әтірде пайдаланатын хош иістерді ойлап табады.

7. Бүгілмелі иінді, кодты құлып...

 Бүгілмелі дуал, ротациялы қимылды ұзынды қимылға мұсылман инженері аль-Джазари (al-Jazari) ойлап тапты.

Механикадағы маңызды өнер туындысының бірі, заманауи машинаның бір бөлігі суландыруды ойлап тапқан. Инженер кітабынан вентиль мен қақпақты, алғашқы механикалық сағатты  ойлап тапқанын білуге болады.

Аль-Джазариді робототехниканың әкесі деп білуге болады. Кодты құлпыда соның өнер туындысы.

 

8. Үшкіл арка

Үшкіл арка – еуропаның готикалық шіркеулерінің характерлі сызбасы, бірақ мұндай аркалар идеясы мұсылман архитектурасынан пайда болған. Ол римляндар мен норманндар пайдаланған жартылай дөңгелек аркадан да мықты болған және өте биік, қымбат ғимарат салуға мүмкіндіктер берген.

 Сондай-ақ еуропалықтар мұсылмандардан күмбезді жинақ пен дөңгелек терезелі  розеткаларды алған.  Еуропалық құлыптар  мұсылмандар құлпысының, атыс ойығы, жақтау, барбакан және квадратты мұнарлар  көшірмелерінің бірі. Мысалы, Еуропалық Генрих V қамалының  архитектура авторы мұсылман болған.  

9. Хирургиялық құралдар  

Көптеген заманауи хирургиялық құралдар, скальп, медициналық аралар мен қысқыштарды, жіңішке пышақтарды мұсылман хирургы аль-Захрави (al-Zahrawi) ойлап тапқан.

 Ішкі жіп ретінде пайдаланылатын кетгуттың адам ағзасында табиғи жолмен еріп кететінін табады.

13 ғасырда,  Уильяма Гарвейге дейін  (William Harvey) 300 жыл бұрын,   мұсылман дәрігері Ибн Нафис (Ibn Nafis) қан айналым процесін сипаттаған. Мұсылман дәрігерлері анестетика мен катаракта экстракциясы үшін жартылай инені ойлап тапқан.

10.  Желді қозғалтқыш

 Желді қозғалтқышты арабтар 634-ші жылы бұршақты ұнтақтау және су жабдығы үшін қолданған.  Араб шөл далаларында энергияның жалғыз көзі жел болған және осы энергия көзін барыншы пайдаланған.  

Жел айдағышта пальма жапырақтары және матамен оралған  6 және 12 қанаты болған. Еуропада  алғашқы желді қозғалтқыштар 500 жылдан кейін пайда болған.

11. Екпе

Алғашқы екпе иядесын  Дженнер немесе Пастер емес, мұсылмандар ұсынған. Еуропаға бұл техника Түркиядан 1724 жылы келді, Стамбұлда бұл процедураны балаларды шешек ауруынан қорғау үшін Еуропадан 50 жыл бұрын   жасаған, ал оған мән берген ағылшын елшісінің әйелі болған.   

12. Автоқалам

Алғашқы автоқаламды сұлтан үшін 953-ші жылы ойлап тапқан: басшы киімін және қолын былғамайтын қалам сұраған. Сол шаһарда тұратын мұсылман өнертапқышы автоқалам ойлап тапқан.

 

13. Нумерация жүйесі

 Әлем қолданатын нумерация жүйесі алғаш Үндістанда шыққан болуы мүмкін, бірақ сандар формасы арабтардікі және алғаш баспа түрінде мұсылман математигі аль-Хоризми (al-Khwarizmi) және аль-Киндиде  (al-Kindi)  825 жылы пайда болған.

14. Үш тамақтан тұратын түскі ас

 Үш ас концепциясы- сорпа, одан кейін ет немесе балық жеу, осылардан соң дәндер мен жеміс-жидек жеу дәстүрін –9 ғасырда Ирактан Кордову Али ибн Нафи (Ali ibn Nafi) алып келді.

 Ол сондай-ақ хрусталды стақанды енгізген ( оны жоғарыда атын атаған Аббас ибн Фирнас ойлап тапқан).

15. Кілемдер

Кілемдер орта ғасырдағы мұсылмандар үшін жәннаттың бір бөлігі болып саналған. Тігін техникасы жақсы дамып, үнемі жаңа бояулар пайда болып отырған.   Еуропада еденге тоқылған еден төсемелер пайда болған, бірақ оның сапасы нашар болған.

16. Чектер

Мұсылмандар болмаса бізде чек болмас еді. «Чек» деген сөздің өщі арабтың “saqq” деген сөзінен шыққан, оның мағынасы тауарға қағаз түрінде төлем жасау.

 Чекті ойлап табу ақшаны үлкен қашықтықтардан жеткізуде қауіпті болмас үшін ойлап табылған. 9 ғасырда мұсылман бизнесмендері бағдат банктерінде жазылған чектерді Қытайда ақшаға айналыдра алған.  

17. Жер – шар тәріздес

9 ғасырда көптеген ғалымдар Жердің шар тәріздес екенін білген. Астроном Ибн Хазманың (Ibn Hazm) сөзінше, «Күн әрдайым Жерге вертикалды нүктеде орналасқан».  

Бұл Галилейдің мұны ашуынан 500 жыл бұрын болған. Мұсылман астрономдарының есебінің нақты болғаны соншалық олар экватор ұзындығының  40253,4 километр екенін 200 километр кемдікте айтқан.

18. Торпедалар мен  ракеталар

Қытайлықтар селитра дәрісін фейерверк ретінде пайдаланса, арабтар оны калий селитрасымен тазалауды ойлап тауып, әскери мақсатта пайдаланған. Мұсылмандар крест таққандарды өз қаруларымен қорқыта алған.

15 ғасырда олар « өздігінен қозғалатын және жанатын» ракетаны ойлап тауып, оны торпеда деп атаған.

19. Бақшалар

Орта ғасырлық Еуропада бақшалар болған, бірақ арабтар бақшаны демалыс орны және медитация ретінде пайдаланған.

Алғашқы корольдік бақшалары 11 ғасырда мұсылмандар тұратын Испанияда пайда болды. Қызғалдақтар мен қалампырда – мұсылмандар елінде өседі. 

Әзірлеген: Айжан Қалиева 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір