• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:13:37
Алматы
+35°

03 Қараша, 2016 NEWS

Дәурен Абаев: ЕЛДІҢ ТАЛҚЫЛАУҒА ҰСЫНЫЛҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫНА ПІКІР БІЛДІРУІ ТӨМЕН

Қазақстандықтардың ғаламторға талқылауға шығарылған заң жобалары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерге пікір білдіруі төмен.Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті...

Қазақстандықтардың ғаламторға талқылауға шығарылған заң жобалары мен өзге де нормативтік-құқықтық актілерге пікір білдіруі төмен.Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысында еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Министрлік «Ашық Үкімет» интернет-порталын техникалық қамтамасыз ету  және жұмысын жолға қою бағытында кең ауқымды істер атқаруда. Бүгінгі күні «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында орналастырған нормативтік-құқықтық актілер, оның ішінде заң жобалары мен мемлекеттік қызметтер стандарттары саны 4 мыңнан асады. Оларға 120-дан астам пікір түскен», - деді ол.

Осы ретте министр 4,5 мың жобаға небәрі 120 ғана коментарийдің болуы аздық ететіндігін баса айтты. «Тіпті, қазір біз ұсынып отырған ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша заң жобасына да журналистер арасында дүрлігу болғанымен небәрі 9 ғана пікір қалдырылған. Бұл ретте біз қарастырып, анықтайтын боламыз. Мүмкін процедура қиындау шығар»,  - деді министр.

Ол пікірлердің аз болуын халық арасында түсіндіру жұмыстарының жеткіліксіз  болуымен байланыстыратындықтарын ашық айтты.

Сонымен қатар  бұл кемшілікті мойындайтындығын, оны жою шаралары қолға алынатындығын атап өтті.

Сондай-ақ Абаевтың айтуынша, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері «Ашық бюджет» порталына 3867 бюджеттік бағдарламалар жобасын орналастырған. Оның ішінде бүгінгі күні 365 жоба жария талқылануда. Мұнан бөлек, аталған порталда бюджеттік, шоғырландырылған және қаржылық есепті қамтитын 1666 есеп-қисап жария етілген.

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір