• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 21:42:05
Алматы
+35°

04 Қараша, 2016 Әлеумет

«Ол - қазақтың профессионалды өнерінде жұмыс істеген адам, ал, қалғанын ұқпаймын». Әріптестері Т. Жаманқұловтың ұсталуына байланысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Еліміздің бірқатар театр қайраткерлері ҚР Халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтың қамалуына байланысты

Еліміздің бірқатар театр қайраткерлері ҚР Халық әртісі, актер, режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтың қамалуына байланысты halyknews.kz порталына пікір білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Есмұхан Обаев – Қазақстанның Халық артисі, профессор

Мен бұл жөнінде пікір айта алмаймын. Себебі не үшін, қалай…ұқпаймын. Сенуге бола ма, болмай ма, бұл жөнінде еш хабарым жоқ. Ұзақ жылдар қазақ өнерінде, профессионалды өнерінде, киносында, театрында жұмыс істеген адам. Оны ешкім сызып тастай алмайды, ал қалғанын мен ұқпаймын.

Еркін Жуасбек – ҚР өнер қайраткері, театр сыншысы

«Аққа – Құдай жақ» дейді. Егер ағамыз шын мәнінде сондай болған жағдайда, мен ақталып шығатынына кәміл сенемін. Қазір өмір осындай болғандықтан, мүмкін бір алдын-ала тексеру, тағы да басқа шараның шаруасы шығар деген үмітім бар. Кімге болса да, бұл өзі оңай боп тұрған шаруа емес. Сондықтан, үмітім біреу-ақ, ақталып, өзінің отбасына, ортамызға қайтадан келеді деген ойдамын. Бұл да бір уақытша нәрсе шығар.

Әскер Құлданов – қоюшы-режиссер, ҚР мәдениет қайраткері

Театр сахнасында оның ең басты рөлі, қазақтың бетке шығар адамдарының барлығын ойнаған азамат. Мен Министрге айтар едім, бұл азаматты қорлағаны – өнерді қорлағаны, қазақ театрларын қорлағаны және Министр өзін қорлағаны деп есептеймін!

Қуандық Қасымов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Оңтүстік Қазақстан облыстық театрының көркемдік жетекшісі

Қыр-сырын білмейміз ғой, арғы жақта не болып жатқанын. Оның қандай құпия екені болашақта ашылар. Ақ, адал жан ретінде мен білетінмін. Ол кісі театрдың табалдырығын аттап, актерлық қызметті бастаған, әрқашанда да ұжымға оң көзімен қарап тұрған адам. Бұл келеңсіз жағдайлар да басынан өтер, бірақ жасы келгенде өте қиын. Адамның істеген ісі бәрібір ертең ақталып шығады ғой деп ойлаймын. Өйткені, ол қазақ театрының қалай болса да – тұлғасы. Қандай жағдай болса да – тұлғасы. Сахнада жасалған өзінің қайталанбас образдары бар, оны, ол өнерді  ешкім тартып ала алмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір