• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:40:07
Алматы
+35°

04 Қараша, 2016 NEWS

Илья Ильин ұлттық және командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалды

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Осыған орай, бүгін танымал спортшыны...

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин ұлттық және штаттық командалар дирекциясының кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Осыған орай, бүгін танымал спортшыны Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлының өзі қабылдап, Президенттің сәлемін жеткізді,- деп xабарлайды  Qamshy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

 «Мемлекет басшысы допингке қарсы xалықаралық ұйымның мәлімдемесі бойынша қатты алаңдап, ел спортшыларын назардан тыс қалдырмай, қолдау жасауды тапсырды. Біздің ұстанымымыз - Халықаралық Олимпиада комитеті қандай қорытынды шығарса да, әрбір спортшы өзінің қабілет-қарымын барынша пайдаланып, өмірлік тәжірибесін кейінгі ізбасарларына қалдыруы қажет», - деді министр. Өз кезегінде Илья Ильин жаңа қызметте өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға тырысатынын жеткізді. «Мемлекет басшысына мың алғыс айтамыз. Шыны керек, барлық спортшылар үшін ол (допинг дауы - автор) үлкен соққы болды. Маған қатысты ресми xат әлі келген жоқ. Дегенмен, мемлекеттің осындай қамқорлық жасап жатқаны қуантады. Мүмкіндік болса, Нұрсұлтан Әбішұлына менің атымнан алғыс айтыңызшы. Мені сұраса, бәрі дұрыс, аман-есенмін деңіз», - деп атап өтті И.Ильин. Министрдің айтуынша, допинг дауына іліккен бірде-бір спортшы қолдаусыз қалмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір