• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:36:55
+35°

04 Қараша, 2016

Баян Есентаева: Бақытбекке денсаулық пен шыдамдылық тілеймін

Күйеуі Бақытбек Есентаевтың 9 жылға бас бостандығынан айырылғанына қатысты Баян Есентаева инстаграм парақшасында өз пікірін білдірді,- деп хабарлайды

Күйеуі Бақытбек Есентаевтың 9 жылға бас бостандығынан айырылғанына қатысты Баян Есентаева инстаграм парақшасында өз пікірін білдірді,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Продюсер онда былай деп жазған: «Мен кешіргеніммен, заң кешірмеді. Өмір осылай, біздің және балаларымыздың  тағдыры осылай болды. Болған оқиға үшін  бір-бірімізді түсіне алмағанымыз, балалардың көз жасы, ойланбай жасаған шешімдір үшін менің жаным ауыруда. Мен сынға, қоғамның пікіріне үйреніп кеткелі қашан, әрдайым теріс пікірдегі адамдар болады, ешкім өз өмірін болжай алмайды, бәріміз де пендеміз,  әрқайсысымыздың қателесуге қақымыз бар.  Өмірімде орын алған бұл оқиғаның дұрыс-бұрыстығын білмеймін, мұны тек уақыт көрсетеді.  Жүректің ақылға бағынбайтын кезі болады, менің басымда да осындай жағдай.  Әрқайсысымыз өз жазамызды алдық. Заң бәріне бірдей. 22 жыл бірге тұрған өмірімізде, оның жақсы әке екенін сенімді түрде айта аламын. Әрине балаларды жалғыз тәрбиелеу маған қиын, бірақ мен бәріне шыдаймын, бәріне де  төземін!  Мен ешқашан өзіме құрбан адам ретінде санаған емеспін.  Менің және менің бұрынғы жарымның хикаясы аяқталмағанына сенімдімін, ол өте мықты адам,  оған  денсаулық пен күш-қайрат тілеймін, алда жақсы өмірге деген үміт бар. Мен айтарымды айттым, осы мәселеге байланысты  БАҚ өкілдерінің енді мені мазаламауын өтінемін!»  

Естеріңізге салсақ,  бүгін Талдықорған қаласында өтіп жатқан Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Берікжан Байжүнісов Бақытбек Есентаевқа қатысты сот үкімін жария еткен болатынПродюсердің бұрынғы күйеуі 9 жылға қатаң режімді колонияға жіберілді. Алайда Есентаевтың өзі сот барысында кінәлі еместігін айтқан.Сондай-ақ, ол аппеляциялық шағым түсірмек.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір