• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 19:54:47
Алматы
+35°

 

 

Жақында ғана Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған Ичиро Кавабатты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қабылдады.

Кездесу барысында Б. Байбек И. Кавабатты Қазақстанда дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде, Жапон елшісі Алматы мен Жапония арасындағы берік екіжақты байланысты атап өтіп, Жапонияның экономиканың көптеген секторларында жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Жапония елшісін қабылдаған шаһар басшысы алдағы уақытта да екіжақты ынтымақтастықпен жұмыс жасайтындықтары туралы мәлімдеді.

Осы орайда, 2016 жылдың тамыз айындағы көрсеткішке қарағанда Алматы қаласында жапондық 13 бірлескен кәсіпор мен 19 компания тіркелген. Сонымен қатар, кіжақты ынтымақтастықты нығайтуға серпін берген жоғары деңгейдегі бірқатар сапарлар да болған екен. Ал 2015 жылы қазан айында Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэнің Қазақстанда арнайы ресми сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты артыра түсті.

Қазақстан мен Жапония арасындағы одан ары жан-жақты ынтымақтастық пен достастықты нығайту мақсатында ағымдағы жылдың қараша айында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жапонияға сапары жоспарлануда.

Baq.kz 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір