• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:27:33
Алматы
+35°

 

Алматы қаласы Наурызбай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қылзмет көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қарттар мен мүгедектер» айына арналған мерекелік іс шара

            «Қарттар мен мүгедектер» айлығы қазан айы бойы ата- әжелеріміз бен ауданымыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар зор қошаметке бөленуде.  Атап айтқанда, мекемеміздіз ұйымдастырылуымен және ауданымызда орналасқан «Огни Алатау» мейрамханасының басшылығының демеуімен 12.10.2016 жылы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мерекелік іс-шара өткізілді. 

             Мерекелік шараға шақырылған 25 мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналары үлкен мерекелік дастарханда бас қосты. Шара барысында концерттік бағдарламалар және қызықты түрлі ойындар жүргізілуімен қатар «Замок» мейрамханасы және ЖК «Аманова» әкімшілігінің демеушілік етуімен мүмкіндігі шектеулі балаларға тәттілер және жұмсақ ойыншықтар салынған қоржындар табысталды.

            Мерекелік шара соңында мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары игі істің бастамашысы болған Наурызбай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесіне алғыстарын жеткізді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір