• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:57:15
Алматы
+35°

 

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек пен қаланың бизнес құрылымдары өкілдері арасындағы кездесу аясында «AllurGroup» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімге сәйкес, ЭКСПО-2017 басталуына дейін Алматыда электромобильдерге арналған 40 электрлік жанармай құю бекеті орнатылады. Бұл Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» өту тұжырымының негізгі бағыттарының бірі. Сонымен бірге, компания тестілеуден өткізу үшін 30 күн мерзімге әкімдікке үш электромобиль беруді жоспарлауда.

«25 жыл ішінде Алматыдағы көліктер саны үш есеге артты. Қазір қалада 570 мың авто болса, облыста 270 мың көлік бар. Яғни, күн сайын 840 мың авто қалаға кіріп-шығады. Соңғы он жылда мемлекет Алматы көлік инфрақұрылымына 500 миллиард теңгеге жуық қаражат жұмсаған», — деді Бауыржан Байбек.

Әзірге, мегаполис әкімдігі 10 электрожанармай бекетін орнату жұмыстарын жүргізіп жатыр, сонымен бірге бұрындары орнатылған жеке электрожанармай бекеттері бар.

«Егемен Қазақстан» газеті

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір