• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:02:36
Алматы
+35°

 

Алматыда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 35 жаңа тұрғын үй салынады. Жиырма төрт үй - Медеу ауданында бой көтерсе, қалған 12 қабатты 11 баспана Алатау ауданында тұрғызылады. «Alatau city» деп аталатын кешеннің іргетасын қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов пен «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының жылжымайтын мүлік қоры басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев қалады.

Жаңа кешен эконом санатты 1056 пәтерден тұрады. Пәтерлер аумағы 36 шаршы метрден 74 шаршы метрге дейін. Тұрғын үй кешенінің маңында 3000 көлікке автотұрақ пен 450 орынға балабақша салу да жоспарлануда.

«Ойымыз бірінші кезекте 11 үй салу. Ол 60 мың шаршы метр, оның ішінде 1056 пәтер болады. Баға жағынан келсек, әлеуметтік жоспар бойынша осы пәтерлердің бағасы 258 мың теңгеден басталады. Ол бүгінгі таңда Алматы қаласы бойынша төмен баға деп есептеймін», - деді «Alatau city» құрылыс компаниясы директорының орынбасары Асқар АЛТАЕВ.

Қос аудандағы тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары 2018 жылдың маусымында аяқталады. Пәтерлер халыққа «Самұрық-Қазына» қоры арқылы үлестіріледі. Биыл жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысына қайтарымды негізде 97 млрд теңге жұмсаған. Бұл қаржыға Қазақстан бойынша 500 мың шаршы метрді құрайтын 10 мың пәтер пайдалануға беріледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір