• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:19:50
Алматы
+35°

04 Қараша, 2016 Саясат

Тәжікстанда «ұлт көсеміне» тіл тигізуші бес жылға сотталады

Тәжікстан президенті «ұлт көсеміне» тіл тигізушіні жазалау заңына түзету енгізу жобасына қол қойды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Тәжікстан президенті «ұлт көсеміне» тіл тигізушіні жазалау заңына түзету енгізу жобасына қол қойды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Тәжікстан парламентіне жөнелтілетін осы жоба бойынша, ақпарат құралдары мен ғаламтор кеңістігінде осы елдің президентіне тіл тигізетін адамдар бес жыл бас бостандықтарынан айрылатын болады. Осы жоба бекітілген жағдайда Тәжікстанның сот мекемелері президентке тіл тигізуші кісілерді қамау жазасының орнына оларды қаржылай айып төлетіп те жазалай алады.

Еске салатын болсақ, былтыр ғана желтоқсан айында Тәжік парламенті президент Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. Онда Рахмонды сотқа тартуға болмайтыны жазылған. Бұл заң бойынша Совет Одағы құлағалы (1991 жыл – ред.) Тәжікстан билігін ешкімге бермей келе жатқан 63 жастағы бұрынғы совхоз (кеңестік шаруашылық фермасы – ред.) директорының отбасы мүшелері де қорғалады. Яғни, Рахмон әулетінің мүшелері мен олардың мүліктеріне тиісуге болмайды.

Сондай-ақ, биылғы жылдың 23 мамырында Тәжіктер Эмомали Рахмонның өмір бойы президент болуын дауысқа салып референдум өткізген болатын. Оған сәйкес, Конституцияға өзгерістер енгізуді қолдап 94,5 пайыз сайлаушы дауыс берген. «Конституцияға өзгерістер енгізуге 134,121 мың адам немесе қатысушының 3,3 пайызы ғана қарсы дауыс берді» деп мәлімдеді Тәжікстан орталық сайлау комиссиясы.

Осы референдум аясында Тәжікстанның қазіргі президенті Эмомали Рахмон билікте шексіз қалуға мүмкіндік алған еді. Сонымен бірге президенттікке үміткер бола алатын адамдардың орташа жасын 35-тен 30 жасқа түсірді. Яғни Тәжікстан басшысының үлкен ұлына келесі президент сайлауына қатысуға жол ашады.

Енді бұдан былай Тәжікстан Конституциясы бойынша діни және ұлттық сипатта саяси партия құруға да тыйым салынған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір