• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:09:23
Алматы
+35°

 

«Ферғана» халықаралық ақпараттық агенттігінің сайтында Анатолий Иванов-Вайскопфтың Қазақстан-Өзбекстан мемлекетінің "қызық" қарым-қатынасы жайлы материал жарық көрген болатын. qamshy.kz сайты қазақ тіліне аударып, оқырман назарына ұсынуды жөн санады.

Қазақстан Өзбекстанға үнемі қызғанышпен қарайды. Ташкентте метро салғанда Алматыға метро да керек бола қалды. Миллион тұрғыны жоқ па? Олар бұл мәселенің де шешімін тапты. Жақын маңдағы елді-мекендерді Алматыға қоса салды. Екі онжылдықтан кейін Ташкентте метро әдемі болғанымен біздің метро жақсырақ деген салыстыру, қызу пікірталас аяқталар емес.

Кез келген салада да осы. Автомобильді құрылыста – біздің Chevrolet мықты. Азаматтық авиацияда – оларда Boeing 787, ал бізде жақында Airbus-320 NEO іске қосылады. Теміржол транспортында – Алматыдан Астанаға қатынайтын жоғары жылдамдықтағы теміржол магистралін салсақ, «Афросиаб» баланың әңгімесі болып қалады.

Саясатта да «бізде бәрібір жақсырақ» деген ұстаным өзекті.

Сенімнен айырылған Қазақстан

Жақында «Новая газета»-да, сосын «Қазақстан оппозициясының шетелдік бюросы» аталып кеткен, экс премьер, 90-шы жылдардың соңында президент Нұрсұлтан Назарбаевпен туындаған арадағы келіспеушіліктен кейін Батысқа көшіп кеткен Әкежан Қайыргелдиннің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында сұхбаты жарияланды. Үлкен резонанс тудырды – Фейсбуктың Қазақстандық оқырмандары арасында сирек кездесетін он мыңдаған оқылым, он мыңдаған көрілім, мыңдаған «лайк», «супер, «мәссаған».

Мұндай жетістіктің құпиясы қарапайым: Әкежан Мағжанұлы «Ақордадағы» оппонентін ескі әдетіне салып сынамады. Таң қаларлығы, өз назарын Өзбекстанға аударды. Қажыгелдиннің айтуынша, көршінің жағдайы, ертеңгі күні АҚШ-тағы президенттік сайлауға байланысты. Штаттар Астананың жүргізіп отырған саясатынан көңілдері қалды, сайлауда егерде Хиллари Клинтон жеңіске жетсе, АҚШ-тың Орталық Азиядағы саяси белсенділігі арта түседі. Сәйкесінше, Вашингтон Ташкентпен етене байланысқа түседі: «Қазақстан көп уәде берді, сол себепті артылған үміт те зор болатын, алайда ешқайсысы орындалмады. Өзбекстан болса ешқашан ешгкімге уәде берген емес. Марқұм Ислам Каримов бөтен біреулердің қызыл кілемімен көп жүрген жоқ, есесіне өз еліне келушілердің санын арттыра білді. Жаңа билік те сол бағыттан таймайтын көрінеді. Өзбекстанның сыртқы саясаты блоктан тыс болады деген әңгіме айтылды».

Орташа статистикалық қазақстандықтың жанды жері

Өзбектер нәпақа табу үшін Ресейге ғана емес, Қазақстанға көп келетінін мақтанатын орташа статистикалық қазақстандықтар Қажыгелдиннің бұл сөзін қызғанышпен қарсы алды. «АҚШ үшін Орталық Азиядада Өзбекстаннан артық қызықты мемлекет жоқ» деген Қажыгелдиннің сөзінен фейсбук оқырмандары қатарынан үш жыл дағдарыстан шыға алмай жүрген Қазақстанның болашақ дамуын көрді. Әкежан Қажыгелдиннің жазбасына мынандай пікірлер жазылыпты: «Өзбекстанның біздікіндей қарызы жоқ. Кредиторлар қарызды қайтаруға келсе, қазақтар өзбектердің ауласын сыпыра бастайды», «Көп уақыт өтпей, біз емес, Өзбекстан Орталық Азияға өз тәртібін енгізеді. Оған себептер баршылық. Ең бастысы – сыртқы қарызының болмауы және жергілікті халықтың жұмыс істеу қабілеттілігі. Қазақ болса жалқаулықтан арылар емес. Айтылған уәделер сөз жүзінде қалды. Біз таңдаған жол жарқын болашаққа апарады делінген еді».

Болжалды Өзбекстан

Қазақстанның тұрғындары Ташкенттің, Самарқандтың, Науаидың аулаларын қашан жаппай сыпыратынын айту қиын. Алайда жаңа басшылықпен Өзбекстан Орта Азиялық аумақтың экономикасының локомотивіне айналуы мүмкін деген пікірге көршіге қарайласып жүрген қазақстандық сарапшылар да бір ауыздан қосылып отыр. 

Солардың бірі – ҚР СІМ-нің бұрынғы жоғары қызметтегі тұлғасы Қазбек Бейсебаев. «Орталық Азиядағы өзге көршілерімен салыстырғанда Өзбекстан салалық экономикасының көзін ашты. Бірінші кезекте мақтаға деген тәуелділіктен арылды. Бүгінгі таңда Өзбекстан автомобиль, жеңіл, химия өнеркәсібін, ауыл шаруашылық өнімдерін үстеме бағасымен экспорттауда. Биыл екінші заманауи газды-химиялық кешенді эксплуатацияға енгізді. Жаңа теміржол және автомобиль жолдары ашылды», - дейді Қазбек Бейсебаев.

Сонымен қатар ол бірнеше өзекті мәселелерді атап өтті. Олар: мемлекеттің бизнесті қатаң қадағалауы, доллардың қымбат курсы, Өзбекстан азаматтарының еңбек миграциясы. Өзбекстан экономика саласы дамуы үшін қажет Қазақстанда бұрыннан бар заңнама базасын құруы қажет. Заңнама шығысымен мұнайдың халықаралық бағасына бағы байланған Қазақстанмен салыстырғанда аумақтың алдағы қатарлы мемлекетіне айналуға мүмкіндігі бар. Қазбектің айтуынша, республика қазірден бастап өзінің Орталық Азиядағы көшбасшылығын көрсетіп жүр: «Өзбекстанның президент міндетін атқарушы Шавкат Мирзиеев Ислам Каримовтің мұрагерлерінің бірі болып саналатын. Жұрт одан хабар болатын. Қазақстанда бұл тақырыпқа жақ ашуға тыйым салынған. Сол себепті Өзбекстан Қазақстанды шетке ығыстырып Орталық Азиядағы саяси, экономикалық белсенді, ықпалды мемлекетке айналып отыр. Былайша айтқанда, Өзбекстан Қазақстанға қарағанда ертеңгі күні не болатынын болжауға болатын ел».

Экономика, финанс сұрақтары бойынша аналитик Төлеген Асқаров басқаша көзқарас білдірді. Өзбекстан нарығының үлкен потенциалын мойындай отырып экономиканың дамуының алғышарты мемлекеттің қаржы жүйесінің әлсіздігін алға тартты. «Бірде біздің банкирлермен сөйлескен едім. Олардың барлығы Өзбекстан бөлшек сауданың айналымы бойынша Қазақстаннан көш ілгері кеткенін айтты. Мәселе Карим Масимовтың елге Қазақстанның да, Ресейдің де банкілерін кіргізбеуінде». Төлеген Асқаров Өзбекстанның жаңа басшылығы басқа мемлекеттердің банкілеріне деген қарым-қатынасты өзгертеді деген сенбейді. Демек республиканың экономикалық, саяси әлеуеті әлеует түрінде ғана қалады.

Бәрі бір жетіден кейін белгілі болады

Әкежан Қажыгелдиннің сұхбатына оралайық. Материалға сүйенсек, Орталық Азиядағы Өзбекстанның көшбасшылығы АҚШ-тың сайлауында Дональд Трамп жеңіс тұғырынан көрінсе, бірнеше жылға кейін шегерілуі мүмкін екен. Себебі Трампқа «Афганистанның қайда орналысқанын түсінуге жарты жыл уақыт керек». «Күрмеуі көп түйін» бір жетіден кейін шешілмек. Аз-ақ уақыт қалды.

Трамптың жеңісі Астанаға тиімді екенін жасырмайық. Себебі эпатажды тұлға қазақстандық кейбір бизнесмендермен бұрыннан бері қоян-қолтық араласып жүр. Кімдермен дейсіз бе? Бұл басқа материалдың тақырыбы. Бар білетініміз, орташа статискалық Қазақстанның тұрғыны үшін Астаналық футбол командасының Ташкент футболшыларымен кездесуі мемлекеттің елеулі оқиғасы ретінде қабылданады.

Аударған: Жазира Байдалы

 

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір