• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:12:28
Алматы
+35°

05 Қараша, 2016 NEWS

Үлкен даудан соң Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жаңа басшы келді (Видео)

Үлкен даумен күллі елге жаман аты шыққан Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен алынды. Бірақ генерал Бауыржан Бердалиннің орны ұзақ уақыт бос...

Үлкен даумен күллі елге жаман аты шыққан Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы қызметінен алынды. Бірақ генерал Бауыржан Бердалиннің орны ұзақ уақыт бос қалған жоқ. Бүгін Ішкі Істер министрі Қалмұханбет Қасымов ел түрмелеріндегі тәртіпке жауапты етіп Азамат Базылбековты тағайындады. 

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.

45 жастағы Базылбеков бұған дейін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары болған. Яғни, жаңа басшыға бұл қызмет тансық емес. Айта кету керек, соңғы кезде еліміздегі түрмелерден жиі шу шығып жүр. Мәселен, жуырда ғана жазасын өтеп жүрген келіншекті зорлағаны үшін түрме қызметкері Руслан Хакимов 9 жылға сотталды. Ал Наталья Слекшинаның сақшыдан баласы бар. Сондай-ақ, қоғам белсенділері «абақты есірткі базарына айналған » деп шулаған болатын. Ол аздай түзету мекемелерінде лаңкестердің қатардағы сотталушылармен бір камерада отыруы жағдайды ушықтырып отыр. Темір тордағы тәртіпсіздік сияқты біраз былықтың  бәрін енді Азамат Базылбеков реттеуі тиіс.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір