• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 06:42:09
Алматы
+35°

05 Қараша, 2016 NEWS

«ЭКСПРЕСС К» ГАЗЕТІ АЛАШ АРЫСЫНЫҢ ЕСІМІН ҚОРЛАҒАН МАҚАЛА ЖАРИЯЛАДЫ

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Шығыс Қазақстанда білім беру, мәдениет мекемелеріне қазақтың ұлы тұлғалары мен көрнекті қайраткерлерінің есімі...

Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары Шығыс Қазақстанда білім беру, мәдениет мекемелеріне қазақтың ұлы тұлғалары мен көрнекті қайраткерлерінің есімі берілетінін сүйіншілей жазған еді. Осы игі бастама шығыстағы кей адамдарға түрпідей тиген сыңайлы. «Экспресс К» газетіне Семей қаласынан жеткен Илья Миллер дегеннің «А полы мыть Байтурсынов будет?» (АЛ, ЕДЕНДІ БАЙТҰРСЫНОВ ЖУЫП БЕРЕ МЕ?) деген мақаласын оқығаннан кейін айтып отырмыз мұны.

Автор облыс басшылығының шешіміне көңілі толмайтынын білдіріп қана қоймай, биліктегілерге «Мектеп атын ауыстырғанша, еден жуушыларға штат ашыңдар» дегенге саятын кеңес те бере кетіпті.

Қазақтың ағартушы ғалымына тіл тигізген Миллердің бұл қылығына желі қолданушылары өре түрегелді.

Алмасбек Әбсадық есімді қолданушы: «ҚАЗАҚСТАНДА өмір сүріп, Қазақстан заңдарын пайдалана отырып басылымның бірінші бетінде мемлекеттің ең биік тұлғаларына тіл тигізу - арсыздық белгісі. Елді, жұртты сыйламаудың көрінісі. А.Байтұрсынұлы – Алаштың ұлы тұлғасы. Егер «ЭК» түсінбесе, А.Байтұрсынұлы – орыстың Ломоносовымен тең тұлға. 
Қазақтың ұлы тұлғаларының есімі берілсе, қарсы шығатын басылымдар бар. Мына Илья Миллер секілді журналистерге мемлекет құндылығын аяққа таптағаны үшін ескертетін Ақпарат жəне коммуникация министрлігі, ҚР Журналистер одағы бар ма екен Тəуелсіз Қазақстанда?» десе, Нұрқанат Құлабаев есімді Фейсбук қолданушысы «Бұларды да түсіну керек, Әлеке! 1 мекте немесе 1 көше қазақыланса, 100-деген шовинист инфаркт алады. Байқұстар күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ, қан қысымы көтеріліп бітетін болды әбден)» деп қазақ атауларына қарсы шығушылардың өзін түйреп өтіпті. 

Газеттің сайтында жарияланған мақала

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір