• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:07:29
Алматы
+35°

06 Қараша, 2016 NEWS

Жерорта теңізінде 240 босқын батып кетті

Осы аптада Жерорта теңізінің Ливия жағалауына таяу  маңда 240 босқын суға кеткен. Бұл туралы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры хабарлайды.

Осы аптада Жерорта теңізінің Ливия жағалауына таяу  маңда 240 босқын суға кеткен. Бұл туралы БҰҰ-ның ЮНИСЕФ балалар қоры хабарлайды.

 Суға батқандардың тек 29-ын ғана құтқару мүмкін болған. Тірі қалған босқындар  Итальяның Лампедуза аралына жеткізілген.

ЮНИСЕФ өкілі Хелена Родригестің сөзіне сүйенсек, тірі қалған босқынның бірі контрабандистерге Ливиядан Италияға жету үшін 2400 доллар бергенін айтқан. Алайда бұл кеме ұзақ сапарға жарамсыз болып шыққан. Босқындар контрабандистерден қорқып кемеге мінуе мәжбүр болған. Ливия жағалауынан 12 шақырым жерде кеме апатқа ұшырапты.

Айта кету керек, биыл жыл басынан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтпек болған 4200 босқын суға кетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір