• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:42:33
Алматы
+35°

07 Қараша, 2016

Мейрамбек Беспаев қырыққа келді

Бүгін қарашаның 7-і күні «МузАРТ» тобының мүшесі, танымал әнші, ғажап қоңыр дауыстың иесі Мейрамбек Беспаевтың дүниеге есігін ашқан күні. Ән...

Бүгін қарашаның 7-і күні «МузАРТ» тобының мүшесі, танымал әнші, ғажап қоңыр дауыстың иесі Мейрамбек Беспаевтың дүниеге есігін ашқан күні. Ән атаулысын жүрекпен сезініп айтатын Мейрамбек ел аузынан ешқашан түскен емес. «Бозторғайды» жақсы көретін, «Қоштасқысы келмейтін» ол биыл қырық жасқа келіп отыр. Өзінің қырық жасы туралы Мейрамбек инстаграм әлеуметтік желісінде былай депті: «Кешегі жүрген бала едік, келіп те қаппыз қырыққа». qamshy.kz порталы қазақтың сүйікті ұлын туған күн мерекесімен құттықтай отырып, ақын Ербол Бейілханның Мейрамбек Беспаевқа арнап жазылған өлеңін назарларыңызға ұсынады.

Қыздардың тілегі

Мейрамбек Беспаевқа! 


«Қыздың жасы он сегіз» сұрама, аға!? 
Өмір сырғып барады тұра ма, аға!.. 
Миллиондаған қыздардың арманы үшін, 
Ту тіккен биігіңнен құлама а-ғ-а! 

Сізге арнап тергем ерке гүлдерімді, 
Көрсеңіз ғой, бір келіп күлгенімді... 
Сіз салған әуендерді жүрекке орап, 
Өткізіп, жүрмін аға, күндерімді... 

Қайтемін, сезім нәзік, бүршігімді, 
Ешкімге айта алмаймын бұл сырымды. 
Әзірше әуен ғана тербетеді, 
Соғатын жүрек деген тылсымымды. 

Өлең де өмір екен, есі барға, 
Арнамыз ақ айдыннан қосылар ма?.. 
МузАРТ-тың мұзбалағы сіз шыққанда, 
Отырам үнсіз қарап экранға!... 

Шашыңызға, қоп-қою қасыңызға, 
Тәңірім, бақ сыйласың басыңызға! 
Қарақаттай жанарым жәутең қағып, 
Шай құйып отырар ма ем, қасыңызда... 

Қылығым, оғаш болса, тергейсіз бе? 
Қызғалдақ тергуге де келмейсіз бе? 
Үздіккен экранда миллион ару, 
Шынымен, аға бізді көрмейсіз бе?... 

Тошала тергенде алам көк себепті, 
Әуеніңіз, жан аға, көкке кетті. 
Сіз жайлы қос құрбыма сыр айтып ем, 
Екеуі мені қатты өкпелетті... 

Жақсыға тілекші бұл ел жүрегі, 
Көңілдің көк айдынын елжіреді. 
Ән түгіл өзіне де ғашықпыз деп, 
Құрбымның бота көзі мөлдіреді. 

Ән сыйлап, жүрші аға, таңымызға, 
Өнерді сүю бар-ау қанымызда. 
Амал не, қыздың бәрі тілекшіміз, 
Сәлем айта салыңыз, жарыңызға!

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір