• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:54:19
Алматы
+35°

07 Қараша, 2016 NEWS

Жапон халқы бақыт гүлін өсіріп, оған Назарбаевтың есімін берді (Видео)

Елбасы жапон хақы хризонтема Жапон жұрты бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді. Күншығыс елінің халқы үшін...

Елбасы жапон хақы хризонтема Жапон жұрты бақыт гүлінің жаңа түрін өсіріп, оған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін берді. Күншығыс елінің халқы үшін хризантеманың орны ерекше. Өйткені Жапонияның елтаңбасында дәл осы гүл бейнеленіп, елдің және императордың көрінісі ретінде қалыптасқан. Сондықтан жапондықтар жылда бақыт гүлінің жаңа тұқымын ойлап тауып, одан әрі көрікті болуына күш салып жатыр. Соңғы бес жылдан бері елу мың гүлдің ішінен әдемілігімен әйгіленген хризантеманың ендігі атауы - «Президент Назарбаев». Оны Кайдзука қаласының билігі жұртшылыққа арнайы таныстырды. Бақыт гүлінің жаңа түрі Президент Назарбаев деп аталады.

Бұл туралы 24.kz арнасы хабарлайды. 

Осы уақытқа дейін бірде-бір әлемдік саясаткер мұндай құрметке ие болмаған. Елбасының есімі берілуінде айтарлықтай құпия жоқ. Жапондықтар Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітсүйгіш президент ретінде таниды. Сол себепті бұл атақты Елбасыға лайық көрген.

Жунсуке Кишиваки, гүл өсіру өндірісінің президенті: - Біз ең жоғарғы сұрыпты гүлге Назарбаев атауын беруді жөн санадық. Өйткені сіздердің Президенттеріңіздің бойынан кемеңгерлікті, даналықты көреміз. Жұрт бұл гүлді бақыттың және ақылдылықтың белгісі деп біледі. Міне осыны ескеріп, сондай-ақ екі елдің қарым-қатынсының ары қарай нығаюын көздеп, осы атауды беруді ұйғардық.

Бүгіннен бастап компания сайтында Назарбаев деп аталатын жаңа бренд пайда болды. Енді елбасының есімімен жапон халқы кеңінен танысады. Сөйтіп бұл гүл ғасырдан-ғасырға жалғасып, ел жадында мәңгі қатталады. Жапондар бақыт гүлінің тарихын және оларға берілген атауларын еш уақытта ұмыт қалдырған емес. Тіпті осы хризантема туралы аңызды ақиқатқа балайды. Жапон халқының ауыздан-ауызға тараған аңызына сүйенсек, ертеде Қытайды қатал император билеген. Күндердің-күндерінде ол теңіздің арғы жағында сиқырлы гүл барын біледі.

Оның шырынын ішкен адам мәңгі жасайтынын естіп, сол өсімдікке қалайда қол жеткізуге талпынады. Бірақ оны тек жүрегі ақ, сезімі пәк адам жұлу керек болады. Сөйтіп Қытай билеушісі гүлді әкелуге 300 бозбала мен бойжеткенді жөнелтеді. Алайда олар сол кеткен күйі қайта елдеріне оралмайды. Өйткені гүлдің әдемілігіне тәнті болып, осы аралды мәңгі мекен етіп қалып қояды. Сол уақыттан бері жапон халқының бұл гүлге деген ілтипаты мен махаббаты ерекше. Іс-шараға келген тұрғындар «Президент Назарбаев» гүлінің сұлулығына таңдай қақты. Ұзындығы 1 метр 85 сантиметр болса, диаметрі 30 сантиметрден асады.

Ямамори Тоекадзу, Изуми қаласының тұрғыны: - Мұндай іс-шара біздің қалада жылда болып тұрады. Бірде-біреуінен қалып көрмеппін. Осы жолы әрине үлкен хризонтемаға көзім түсті. Әдемілік деп осыны айт. 1876 жылы Император Мейдзи гүлдің әдемілігін жоғары бағалап, абыройын асырды. Дәлірек айтсақ, ең үлкен марапаттарды хризантемамен байланыстырды. Сол уақыттан бері ол награда санаулы саясаткерге тапсырылған. Соның бірі - біздің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. 2008 жылы Император Акихито Қазақстан Республикасының Президентіне Үлкен лентадағы Хризантема орденін таққан еді. Осыдан-ақ бақыт гүлінің бағасын бағдарлай білуге болады.
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір