• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:18:11
Алматы
+35°

07 Қараша, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Допинг, министр мен әртіс текетіресі және Q әрпі туралы

Аптаның айтулы үш оқиғасына қатысты пікір сұрап жатыр біраз ағайын. Бәріне бірдей жеке жауап берейін десем, уақыт тығыз әрі қайталау боп кететін сияқты. Оның...

Аптаның айтулы үш оқиғасына қатысты пікір сұрап жатыр біраз ағайын. Бәріне бірдей жеке жауап берейін десем, уақыт тығыз әрі қайталау боп кететін сияқты. Оның үстіне бір-бірінен аумайтын жауаптар беріп жатсам, «эксклюзивті» түрде жауап сұрап жатқан БАҚ-тан ұят.

Сондықтан қысқаша ортақ жауап.

Олимпиада чемпиондарының допинг қабылдамағаны шын болса, олар айқайлап жүріп, халықаралық сотқа жүгінуі керек еді. Жүгіне қоймады. Көңілде қаяу қалды...

Тұңғышбай Жаманқұлов өз кінәсін мойындағанының видеосын көргім келеді. Сосын мәдениет министрін айыптап сөйлеген видеосымен салыстырар едім. Екі адамның арасындағы дауды сот шешу керек дейміз, бірақ біздегі соттың жайы бесенеден белгілі ғой. Оның үстіне белгілі әртістің басқа кезде емес, нақ осы министрді сынағаннан кейін ғана жауапқа тартылуы да әртүрлі ойларға жетелейді...

Сөз жоқ, Q әрпін мемлекет атауында заңдастыру лингвистикалық қана емес, геосаяси астары мен себептері бар. Осы себепті бұл бастаманы қолдаймын. Бірақ, қазақ елінің қазіргі таңда бір әріптен басқа да маңызды проблемалары бар деп санаймын.

Саясаткер, журналист Әміржан Қосанов

Facebook парақшасынан 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір