• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қараша, 03:18:23
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

07 Қараша, 2016 NEWS

«QAZAQSTAN» АТАУЫ - АЛАШТЫҢ МҰРАТЫ

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде “QAZAQSTAN” деп дұрыс жазылуы мәселесін...

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде “QAZAQSTAN” деп дұрыс жазылуы мәселесін көтерді. Бұл өте орынды бастама, толық қолдаймын. Бұл біздің еліміздің атының халықаралық қауымдастықта 90 жыл бойы “KAZAKHSTAN” деп жазылып келген қателігін жояды. Мұны да тәуелсіздіктің жемісі деп білгеніміз жөн. Өйткені тәуелсіздіктің арқасында біз ұлттық құндылықтарымызға қол жеткізіп оларды әлемге танытып отырмыз.

Кезінде “Kazakhstan” деген атты шетелдерге біз өзіміз таратқан жоқпыз. Бұл атты алғаш рет Кеңес үкіметі 1924 жылы “казах” деп қолданған екен және әлем елдері, ол кезде Қазақстанның өзінің шетелдерде дипломатиялық және басқа өкілдіктері болмағандықтан, Мәскеу арқылы қазақ халқының атын “kazakh” деп жаза бастаған. Осыған қарап ағылшындар елдің атын да “Kazakhstan”, немістер болса “Kasachstan” деп өздерінің тілдеріне негізінде дұрыс транскрипциялаған. Өкінішке орай Кеңес Одағының құрамында болған кезде Қазақстандықтар да шетелдерде өз елінің солай жаза берген. Олай етпеуге лажы да жоқ еді. Ал тәуелсіздіктен кейін мүмкін сол қателікке көз үйренгендіктен болса керек, мұны түзетуге бір ұмтылыс бүгінге дейін болмаған еді. Шынтуайтына келсек, қазақтың жер-су атаулары мен тарихына қатысты басқа бір қатар есімдер шетелдерде қате жазылуда және жаңсақ пікірлер де кітаптарда орын алуда. Міне сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туысқан елдермен бірігіп Түркі Академиясының ашылуына мұрындық болған еді. Елбасы сол арқылы қазақ және өзге түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеп оларды әлем елдеріне дұрыс таныстыруды көздеген еді.

Негізі орыстар тарих бойынша қазақтың атын қате жазып келеді. “Казах” деп жазудан бұрын қазақты қырғыздар мен шатастырып оған “киргиз”, “киргиз-казак”, “киргиз-кайсак”, ал қырғыздарға болса “қара қырғыз” деген еді. Тіпті 1920 жылы құрылған “Кенестік Автономиялық Социалистік Республикасы”ның атының да “Қырғыз Кенестік Автономиялық Социалистік Республикасы” болып кеткені тарихтан белгілі. Сөйтіп қазақ республикасы, төрт жыл қырғыз республикасы атанып жүрді. 1924 жылы сәуір айында Кеңестік үкімет құрамына кірген Алаш қайраткерлерінің арқасында орыстар қазақтың атын қате жазғандарын мойындап мемлекеттін атын “Қазақ Кенестік Автономиялық Социалистік Республикасы” деп қалпына келтірді. Бірақ сонда да қазаққа қазақ дей алмай “казах” деп кеткен. Сөйтіп орыстар қазақтың “қара қырғыз” емес “қазақ” екенін білгеннен дейін қырғызға қырғыз деген. Бірақ оны да “киргиз” деп қате жазған. Ол да бертінге дейін ағылшын тілінде “kirgiz” деп жазылып келді. Қырғыздар тәуелсіздік алғаннан кейін науқаң көтеріп оны ағылшын тілінде “kyrgyz” деп дұрыс жазылуын қамтамасыз етті.

Қазақстан да тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес уақтында орыс тіліндегі атауы мен Алма-ата деп әлемге танылып кеткен Алматынын атын 1993 жылы қалпына келтіріп оның атының ағылшын тілінде “Almaty” деп жазылуын қамтамасыз етті.

Енді Қазақстанның да өзінің атын ағылшын тілінде “qazaq” және “Qazaqstan” деп дұрыс жазылуын талап етуі өте орынды. Бұл бастама кеш жасалған, бірақ ештен кеш жақсы дегендей кеште жасалса да орынды жасалған. Бұл бастаманы көтерген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің атының ағылшын тілінде және өзге әлем тілдерінде дұрыс жазылуына мұрындық болғаны үшін келешекте бүкіл қазақ халқының алғысына бөленері сөзсіз.

Әбдіуақап Қара

Мимар Синан Көркем Өнер Университетінің

профессоры, тарих ғылымының докторы

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір