• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 00:30:51
Алматы
+35°

 Бүгін Астана қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі әскери сот Тоқтар Төлешов пен оның сыбайластарына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Сот бас айыпталушы Тоқтар Төлешовты кiнәлi деп тауып, мүлкін тәркілеумен 21 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Тоқтар Төлешовке «халықаралық қылмыстық қауымдастықтың белді өкілі ретінде қылмыс әлемінің беделді мүшелерін қаржыландырған» деген айып тағылған. Нақты айтқанда, ол «Братский круг» трансұлттық қылмыстық қауымдастығымен тығыз қарым-қатынас құрып, оның көшбасшылары мен беделді мүшелеріне қаржылай көмек көрсетіп отырған. Тергеу нәтижесінде Төлешовтың тоқсаннан астам арнайы дайындықтан өткен жауынгері болғаны анықталды. Белгілі болғандай, оның қылмыстық тобы адамдарды ұрлап, өлтірген.

Бұдан бөлек, Атырауда «жер митингілерін» өткізген Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісі бойынша да Тоқтар Төлешов айыпты деп танылған. Ол бойынша Атырауда өткізілген заңсыз шеруді ол қаржыландырған.

Еске сала кетейік, Тоқтар Төлешов биыл 30 қаңтарда Шымкент қаласында ұсталған болатын. Бас күдiктi мен оның сыбайластарынан қару, есірткі және белгілі бір әдебиеттер тәркіленді. Шымкенттік кәсіпкерге барлығы Қылмыстық кодекстің 15 бабы бойынша айып тағылды. Маусым айының басында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төлешов пен оның сыбайластары елдегі билікті күшпен басып алуға дайындық жасағанын хабарлады.

Төлешов ісіне қатысты сот Астанада 14 қыркүйекте басталды. Барлығы 25 күдікті. Сот процесіне 16 қорғаушы, 104 куәгер, 17 жәбірленуші және 2 өкілі қатысты. Қылмыстық іс 300 томнан тұрады. Тоқтар Төлешовтың соты жабық режимде өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір