• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:11:58
Алматы
+35°

08 Қараша, 2016 Саясат

Саакашвили Порошенконы айыптап, отставкаға кетті

Михаил Саакашвили Украинаның Одесса облысының губернаторы қызметінен отставкаға кетті, деп хабарлайды «Қамшы» порталы

Михаил Саакашвили Украинаның Одесса облысының губернаторы қызметінен отставкаға кетті, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасап.

Саакашвили бұл қызметті өткен жылдың мамырынан бері атқарған. Саясаткер 7 қарашада өткізген баспасөз конференциясында отставкаға аймақтағы коррупциямен күресу мүмкін болмағандықтан кеткенін мәлімдеді. Ол Украина билігі өкілдерін коррупцияға қатысы бар деп айыптап, президент Петр Порошенконы аймақтағы сыбайлас жемқорлыққа ұрынған кландарды қолдап отыр деп айыптады өз мәлімдемесінде.

Саакашвили отставкасын "күрестің жаңа кезеңі" деп атады. Ол Украинадағы коррупциямен күресті "жас әрі шыншыл күшпен" жалғастыратынын айтты. "Біз Одессаны міндетті түрде көтереміз. Бірақ бұл үшін Киевті коррупционерлерден тазалау керек" деді ол.

48 жастағы Саакашвили 2004 жылдың басынан 2007 жылдың соңына дейін Грузия президенті болған. Петр Порошенко 2015 жылы көктемде Саакашвилиге Одесса облысына губернатор болу үшін Украина азаматтығын берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір