• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 16:28:27
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

08 Қараша, 2016 Оқиғалар

Өзі жасаған қалпақ тәрізді әуе шарымен Шаңхайдағы қандасымыз Атажұртқа ұшып келмек

Қытайдағы өнертапқыш қандасымыз Еркінбек Мұхтарбекұлы ЭКСПО-2017 көрмесіне қарай өзі жасаған, қазақи үлгідегі әуе шармен Шанхайдан Астана қаласына ұшып келмек.

Қытайдағы өнертапқыш қандасымыз Еркінбек Мұхтарбекұлы ЭКСПО-2017 көрмесіне қарай өзі жасаған, қазақи үлгідегі әуе шармен Шанхайдан Астана қаласына ұшып келмек. ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ол, Қытайдың Шанхай қаласынан шығып, Жібек жолы бойымен жүріп өтіп, Астана қаласына ат басын тіреуді көздеп отырғанын мәлім етті. «Бұл менің Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне дайындап жатқан тартуым деп білемін. Алла бұйырса, Қытайдың Шанхай қаласынан шығып, Жібек жолы бойымен жүріп өтіп, Астана қаласына ат басын тіреуді жоспарлап отырмын. Сол арқылы екі елдің достығын нығайтып, Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің насихатталуына аз да болса үлесімді қосу», - дейді  Еркінбек Мұхтарбекұлы. Оның айтуынша, қазіргі күні әуешармен ұшып өту бағдары, жолда аялдау мәселесі пысықталып жатыр.

Сонымен бірге ол екі елдің достығын жаңғыртып, ЭКСПО-2017 көрмесін насихаттауды мақсат етіп отырғанын айтты. «Бұл жобаны жасауға көптеген жылдар жұмсадым. Міне сәтімен бітіп, сынақтан өткіздім. Менің басты мақсатым - қазақтың өнерін, болмысын әлемге паш ету.  Қазақ ежелден бас киімді және тұлпарды қадірлеген халық сол себепті де әуешардың бейнесін қазақтың оюлы бас киіміне ұқсатып жобаладым. Ол үлкен биіктікке көтерілгенде біздің бас киімді жердегі бүкіл халық кигендей болады. Бұл - береке-бірліктің көрінісі.  Шардың астында тұлпардың мүсіні бейнеленіп, адам отыратын орын жасалған. Аспан кеңістігіне көтерілгенде, тұлпарға мініп қазақтың қас батыры ұшып келе жатқандай әсер қалдырады», дейді жоба авторы.

Оның айтуынша, жобаны жасауға жеке қаржысы және Қытайдағы демеуші қандастардан жинаған ақшасы жұмсалған. Дегенмен, соңғы  жұмыстарына қаражат жетпей тұрғанын да жасырмады. «Мүмкіндік болса қалталы азаматтардан қолдау күтемін», деді ол. 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір