• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:14:28
Алматы
+35°

08 Қараша, 2016 NEWS

Бүгін «Оралман» фильмі БАҚ өкілдеріне көрсетілді (Видео)

Алматыда Bekmаmbetov cinema кинотеатрында режиссер Сәбит Құрманбековтың  «Оралман» толықметражды көркем фильмінің БАҚ-қа арналған жабық...

Алматыда Bekmаmbetov cinema кинотеатрында режиссер Сәбит Құрманбековтың  «Оралман» толықметражды көркем фильмінің БАҚ-қа арналған жабық көрсетілімі өтті,-деп  хабарлайды «Қамшы» порталы тілшісі.

 Фильмді Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. «Оралман» ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орайластырылған.  Кино туындының  сценарийін «Менің атым Қожа» фильмінде Қожаның рөлін сомдаған актер, кинодраматург Нұрлан Санжар Сәбит Құрманбековтің қатысуымен жазған.

  Басында «Төре-там» деп аталмақ болған фильм қазақ қоғамындағы отанына оралған қандастарды жергілікті кей қазақтардың «оралман» деп бөле қарауына байланысты, қоғамға ой салу мақсатында «Оралман» деп  өзгерген.  Басты рөлдерде: Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова,  Баян Қанжабиевалар ойнаған. Фильмге ән жазған композитор Айдос Сағат. Фильм Тәжікстан мен Алматы облысындағы Сарыөзек елді-мекені маңында  түсірілген.  

 Фильм ХХ ғасырдың 30-жылдары қызыл әскердің жендеттерінен Ауғаныстанға қоныс аударуға мәжбүр болған қазақ отбасы туралы. Бас кейіпкер Базарбай қарттың сол жақта бір қыз, бір ұлы дүниеге келеді.  Балалары есейіп, отбасын құрады. Кейіннен туған жердің топырағын аңсап, сүйегінің ата-жұртта көмілгенін қалаған қарт  Қазақстанға оралып, көз жұмады. Ұлы Сапарқұл әкесін ақтық сапарға жалғыз өзі шығарып салады. Ата-жұрт жұмақ мекеніміз деп аңсап келген отбасы жергілікті қазақтардан «оралмансың», «сатқынсың» деген ауыр сөздермен, шеттетулерді жиі естиді. Соған қарамастан  Ауғанстанда азаншы болып жұмыс істеген Сапарқұл қирап қалған әскери радар ғимаратын қайта жөндеп, орнына мешіт тұрғыызады.

 

"Оралман" қалың көпшілікке келесі жылдың наурыз айында жол тартпақ. Кино картинаның өмірге келуіне атсалысқан азаматтар еліміздің түкпір-түкпіріндегі  кинотеатры жоқ шалғай  ауыл қазақтарына бұл туындыны тамашалуға барынша жағдай жасауға тырысатындарын айтты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір