• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:04:41
+35°

 

Кеше ғана қамал алатын 40 жас тойын  тойлаған Мейрамбек Беспаевтың кезекті биі ғаламторда таралып кетті,- деп хабарлайды Қамшы порталы.

Бұған дейін інісі Мейірбек Беспаевтың үйлену тойында билеген биі хитке айналып, әлеуметтік жел қолданушыларын әнімен ғана емес, биімен де бір сүйсінткен  болатын.  Мейрамбектің қайын ата атанып жатқандағы биі желі қолданушыларының біраз талқысына түсіп, сыни пікір білдіргендерде болған.

31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына берген сұхбатында әнші видеоны кімнің түсіргенін білмейтінін, алайда ешкімге де ренжімейтінін айтқан.

«Енді әрқайсысының телефонына мен қақпақ бола алмаймын ғой. Тойдың көріністері, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Кетсе кетіп қалған шығар. Кім билемейді? Қуанған кезде бәріміз де билейміз. Сондай сәттер ғой», – деп айтқан еді.

Желіде Мейрамбектің кезекті биі қызу талқыға салынды. Әнші өзінің 40 жас мерейтойында биден шашу шашты. Видеодан әншінің мерейтойына шоу-бизнес өкілдерінің баршасы барғанын аңғаруға болады. 

Беспаевтардың әулетіне жақында ғана түскен келін Рабиға инстаграм парақшасында  қайын атасының  40 жасындағы ең үлкен сыйлығы 115 жылдан бері атадан балаға мұра болып келе жатқан қасқыр ішікті  иеленгенін жеткізіп, әулеттің құнды мұрасы қайын атасына бұйырғаны, тойдың ерекше сыйы деген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір