• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:24:03
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

БҚО-да әкімнің ұлын сыныптасы ұрып өлтірді

Батыс Қазақстан облысы Зеленді ауданына қарасты Краснов ауылдық округі әкімінің ұлы үйінде көңілді отырыстан кейін көз жұмды, деп хабарлайды

Батыс Қазақстан облысы Зеленді ауданына қарасты Краснов ауылдық округі әкімінің ұлы үйінде көңілді отырыстан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Анатолий Шаталовты өлтірді деген күдікпен оның сыныптасы Хамит Абдулин ұсталды. Бұл туралы Зеленді ауданының прокуроры Закария Саралеев хабарлады. «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Informburo.kz порталының мәліметінше, таяуда 22 жастағы жергілікті мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Анатолий Шаталов достарымен көңіл көтерген.

«Қаралы кеш күні Толя достарымен демалды, олар аздап ішімдік ішкен, сол жерде төбелес шығып, оның сыныптасы пышақ ала жүгірген. Әкем келіп, жігіттерді үйіне қайтарып, кетіп қалған. Хамит қайтып келіп, менің інімді өлтірді», - дейді қаза болған жігіттің әпкесі Наталья Шаталова.

Әкімнің ұлының туыстары ұсталған жігіт сыныптасын көре алмаған деген пікірде. Шаталовтың денесінде пышақ жарақаты табылмады. Полиция бұл қылмысқа қатысты кейінірек түсініктеме береміз деп отыр.

Айта кетейік, қаза тапқан жігітттің әкесі Александр Шаталов 2009 жылдан бері Краснов ауылдық округін басқарады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір