• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:41:49
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 Айтты-ей, бауырың!

Ұзын Орал, күн мен түн шекарасы,
Бір жағы түн, бір жағы күн баласы. 
Арғы жағы көккөзді жын ұясы,
Бергі жағы Түріктің сар даласы. 
Осы сөздерді айтқан Қазақ мақтанышы, Ресей мен Орыстың кім екенін аңғарған Мағжанды большевиктер атты. Орысқұл жерлес Мағжанға қарсы домалақ қағаздарын төпелетті. Халық үндемеді. Десе де, Мағжан, Абай, Шәкәрімдер Ұлт мақтанышы болып қалды мәңгілікте. Ал атақ пен шен іздеген арсыз жендеттерді өмірдің өзі жұтқаны былай тұрсын, тозаққа тура жолмен аттанды олар. Айтпағым, алтынымызды дер кезінде қадірлей білейік, уақыт өте аһ ұрып жүрмейік. Бүгінгі Қазақтың ары мен қос батыры - Макс Бокаев пен Талғат Аянды барынша қолдайық, Сол бояғы мықтыларымызды жұтқан арам күшке қарсы шығайық!

Расул Жұмалының Facebook-тегі жазбасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір