• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:54:51
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

Ақтөбедегі мұнай компаниясының қытайлық 8 басшысы елден қуылды

Шетел инвесторының Қазақстан азаматын жұмысқа алу туралы заңға бағынбай жүрген қытайлық 8 компания басшысы елден қуылды, деп хабарлайды «Қамшы»...

Шетел инвесторының Қазақстан азаматын жұмысқа алу туралы заңға бағынбай жүрген қытайлық 8 компания басшысы елден қуылды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Нұр.кз-ке сілтеп.

Аймақта қара алтын өндірумен айналысатын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы жыл басында жалынып жүріп Қытайдан маман алдыртуға рұқсат алыпты. Аспан асты елінен келгендердің үшеуін департаментке директор, қалғандарын мұнай мен газ өндіретін бөлімдерге жетекші қылады.

Бірақ шетелден қанша маман алдыртса Қазақстанның да сонша азаматын жұмысқа алу туралы заңға инвесторлар бағынбай жүрген.

Сондықтан тексеруге келген прокурорлар заңды орындамаған мұнай компаниясының лауазымды қызметкерлерін елдеріне қайтарып жіберген.

"Бұл азаматтар Қазақстан Республикасының шекарасынан шығарылды", - дейді Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы Мұратбек Мырзамұратов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір