• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:16:55
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

Алматыда отқа оранған танымал қонақ үйден адамдар әзер қашып шыққан (Видео)

Алматыда өткен түнде тағы бір өрт болды. Бұл жолы қаланың төменгі ауданында орналасқан «Достар» қонақ үйін қызыл жалын шарпыған. Бөлмелердің...

Алматыда өткен түнде тағы бір өрт болды. Бұл жолы қаланың төменгі ауданында орналасқан «Достар» қонақ үйін қызыл жалын шарпыған. Бөлмелердің бірінен тұтанған от тез арада шатырға көшіп, 280 шаршы метр аумаққа таралыпты.

Бұл туралы Ктк арнасы хабарлайды.

Тез арада оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер бірінші кезекте қызыл жалынның жақын орналасқан нысандарға көшіп кетпеуін ойлаған. Сондықтан алдымен шатыр мен ғимараттың бірінші қабатын сөндіруді бастаған екен. Тілсіз жаумен бір жарым сағат бойы арпалысқан мамандар 30 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда, алдын ала болжам бойынша апатқа сымдардың қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір