• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:07:15
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 Кәсіпкер

Жақсылық Омар Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Жас буын кадрлар арасынан Жақсылық Омар Алматы облысы әкімі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы облысы әкімі...

Жас буын кадрлар арасынан Жақсылық Омар Алматы облысы әкімі орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды «Қамшы» порталы Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі  Айдар Карбозұлының мәлімдемесіне сүйеніп.

«Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов өңір активіне Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалған Омар Жақсылық Мұқашұлын таныстырды», делінген хабарламада.

Жақсылық Мұқашұлы Омар 1980 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

2001-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінде. 2007-2009 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ында. 2009-2009 жылдары «Арна медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ-ында. 2009-2010 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі. 2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, бастығы. 2011-2013 жылдары Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасының бастығы. 2013 жылғы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Сондай-ақ, аталған облыста Бұған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бақтияр Өнербаев бүгіннен бастап Алматы облысындағы моноқала - Текеліге әкім болып тағайындалған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір