• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 00:31:38
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

09 Қараша, 2016 Оқиғалар

Испанияда оқушыларға берілетін үй тапсырмасына байланысты жаппай наразылық басталды

Мыңдаған отбасы оқушыларға берілетін үй тапсырмасының шектен тыс көптігін айтып наразылық білдіруде. Испан балалары үй тапсырмасын орындауға аптасына орташа...

Мыңдаған отбасы оқушыларға берілетін үй тапсырмасының шектен тыс көптігін айтып наразылық білдіруде. Испан балалары үй тапсырмасын орындауға аптасына орташа есеппен 6,5 сағатын жұмсайды екен. Бұл туралы Би-би-си хабарлайды.

 Ата-аналар альянсы құрамындағы 12 мың мектептегі ата-аналар комитеттерін наразылық акциясын өткізуге шақырған.  Ұйым өкілдері балалар үй тапсырмасын орындаудан гөрі ата-аналарымен көбірек уақыт өткізуі керек деп есептейді. Сондай-ақ альянс қызметкерлері Испанияда балалардың өте аз демалатынын, үй тапсырмасының оқушы үшін шектен тыс артық салмақ екенін дәлелдегісі келеді. Акцияны ұйымдастырушылар ата-аналарды бұндай акцияны қараша айының әр жексенбісінде өткізуді ұсынды.

 Испан балаларының үй тапсырмасына берілген уақыты басқа мемлекттерге қарағанда көп болғанымен жаратылыстану саласындағы пәндерден, мысалы математикадан төмен көрсеткішке ие. Ал әлем бойынша оқу үлгерімі Финляндия мен Оңтүстік Корея оқушыларында жоғары екен. Бұл мемлекеттердегі оқушылардың бір аптада  үй тапсырмасына жұмсайтын  уақыты үш сағаттан аспайды екен. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір