• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 17:19:21
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

СІМ: САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕЙБІР СТУДЕНТТЕР ТЕРРОРИЗМ БОЙЫНША АЙЫПТАЛДЫ

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев, бүгінде ол жерде діни білім алып жүрген қазақстандықтардың ішінде терроризмге...

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бақыт Батыршаев, бүгінде ол жерде діни білім алып жүрген қазақстандықтардың ішінде терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталғандардың бар екенін айтты, деп xабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ол елде оқып жүрген қазақстандықтар Ислам дінінің барлық мазһабтарын оқиды.

Бүгінде Сауд Арабиясында 95 қазақстандық студент білім алып жүр. Олардың басым бөлігі Медина ислам университетінде оқиды. «Аталған жоғары оқу орнында төрт мазһабтың барлығы оқытылады. Енді, ол университетке әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдар келіп, дәріс оқиды. Сондықтан жастардың теріс ағымда кетіп қалу қаупі бар. Ондай жағдайлар бар деп айта аламын. Оның кейбір нышандарын біз байқап та, көріп те отырмыз», - деген Б.Батыршаев. Елшінің сөзіне қарағанда, діни білім алып жүрген студенттерді үнемі бақылауда ұстап отырады. Ал келеңсіз жағдайлар болса, тиісті шаралар қолға алынады. Биыл терроризм айыбымен біздің жеті азаматымыз ұсталған. Қазір бесеуі Қазақстанға қайтарылды.

Айта кетер болсақ, бүгінгі күні елімізде имамдық етіп жүрген дін қызметкерлерінің біршама бөлігі Сауд Арабиясында білім алған болатын. 

Сондай-ақ, осы елде жыл басында терроризм айыбымен ұсталған  33 адамның ішінде бір Қазақстан азаматы да тұтқындалған еді. Қазақстанда биылғы жылы Алматы мен Ақтөбе қаласында болған теракттен кейін, Сауд Арабиясынан дін атын жамылып елге келушілерге қатаң бақылау орнату айтылған еді.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір