• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 17:13:30
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 NEWS

ДОНАЛЬД ТРАМП АҚШ-ТЫҢ 45-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛДЫ

8 қараша АҚШ өзінің 45-президентін сайлады.  2016 жылғы президент сайауына республикашылдар атынан қатысқан, миллиардерлігімен аты танылған Дональд Трамп...

8 қараша АҚШ өзінің 45-президентін сайлады.  2016 жылғы президент сайауына республикашылдар атынан қатысқан, миллиардерлігімен аты танылған Дональд Трамп өзінің басты бәсекелесі Клинтоннен 266 делегеция дауысымен басым түсіп, Обамадан кейінгі президент болды. Ол, біраздан кейін ресми мәлімдеме жасайды деп күтілуде.

Соңғы ақпарат бойынша, 218 делегаттың ғана дауысын жинаған басты қарсылас Хиллари Клинтон дауыстың қайта саналуын күтетінін мәлімдеген.

Алғашқылардың бірі болып Трампты Франция Ұлттық фронт партиясының жетекшісі, Марин Ле Пен twitter-де құттықтады.

АҚШ-та президент сайлауы науқаны 17 ай бұрын басталған болатын. Үміткерлер осы уақыт бойынша үгіт-насихат жүргізді.

Трамптың сайлау кампаниясы жұмыс орындарын көбейтіп, салықтарды азайту арқылы «Американы қайтадан ұлы елге айналдырамыз» деген ұранмен өтті.

Трамп 1946 жылы Нью-Йоркте өмірге келген. Оның атасы Австриядан АҚШ-қа қоныс аударған.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір