• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 17:04:26
Алматы
+35°

09 Қараша, 2016 Фото-баян

Дональд Трамптың жұбайы жайлы не білеміз?

Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті болды. Енді АҚШ-тың бірінші ханшайымы бұрынғы модель Меланья Трамп болады. Дональд Трамппен бірге Ақ үйге сұлу...

Дональд Трамп АҚШ-тың 45-ші президенті болды. Енді АҚШ-тың бірінші ханшайымы бұрынғы модель Меланья Трамп болады. Дональд Трамппен бірге Ақ үйге сұлу әйелі де көшіп барады.

Меланья Трамп бұрын Меланья Кнавс болған. Ол 1970 жылы Словенияда дүниеге келіп, Нью-Йоркте модель ретінде жетістікке жетеді. Vogue, Harper’s Bazaar, Vanity Fair секілді атақты журналдардың бас беттеріне шығады, ал 2000 жылы Sports Illustrated Swimsuit Issue журналында Меланья Трамптың суреттері жарияланады. Бұл үлкен жетістік деп есептеледі.

1999 жылы Трамппен танысады. Осылайша, Трамп шетелде туған жұбайы бар президенттер тізімінде екінші адам болып отыр. Біріншісі АҚШ-тың алтыншы президенті Куинс Адамс болған, оның әйелі Луиза Адамс Англияда дүниеге келген екен.

Меланья трамп  ұлыбританиялық GQ журналымен жұмыс істей бастайды да, осы басылым үшін шешініп түскен суреттері 2000 жылғы қаңтар айының басылымында жарияланды. Осылайша, ол АҚШ президентінің жалаңаштанып түскен алғашқы әйелі болып отыр.

Трамп және Меланья 2005 жылы 22 қаңтарда отбасын құрады. Үйлену тойында қалыңдық құны 100 мың АҚШ доллары болған көйлек киген екен. АҚШ-ың бұрынғы президенті Билл Клинтонның жұбайы Хиллари тойда қонақ болған екен.

2006 жылы 20 наурызда дүниеге ұл бала келіп, оның атын Бэррон Уильям Трамп қояды. Меланидің бірінші ұлы Бэррон - Дональд Трамптың бесінші баласы. Дональд Трамптың Меланиге дейін екі әйелі болған.

«Дональд Трамп американдықтарды жақсы көреді және оларға көмек көрсеткісі келеді. Егер Трамп жеңсе, мен оны қолдап, Бетти Форд, Джеки Кеннедилердей лайықты жұбай боламын», - деген болатын АҚШ-тың бірінші ханшайымы.

Қамшыгер: Даяна Ишанхан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір