• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:20:57
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

Президент кубогы ақын Ербол Алшынбайға бұйырды

XIX “Шабыт” Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өз мәресіне жетті. 

XIX “Шабыт” Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өз мәресіне жетті. 

Бүгін алдымен Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде «Шабыт» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Одан кейін кешінде «Шабыттың» Гран-при иегерлері Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты түрде арнайы марапатталды.

Биылғы Президент кубогы «Үздік әдеби шығарма» номинациясына берілді. Аталған номинация бойынша Гран-при иегері атанған ақын Ербол Алшынбай Президент кубогын қанжығасына байлады.

Президент кубогы поэзия жанрына соңғы рет 2006 жылы берілген болатын. Бұл жылы қос ақын Ерлан Жүніс пен Бақытгүл Бабаш Поэзия жанры бойынша Гран-приге ие болды. Қазылар алқасының шешіммен Президент кубогы Ерлан Жүніске бұйырды. Араға он жыл салып Президент кубогы ақындардың еншісіне тиіп отыр.

Еске сала кетсек, биылғы «Үздік әдеби шығарма» номинациясы бойынша Ербол Алшынбай – Гран-При иеленіп, Құрмет дипломы, медаль және ақшалай сыйақы (300 000 теңге)  алған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір