• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:09:18
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

ТРАМПТЫҢ ЖЕҢІСІ РЕСЕЙГЕ ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?

"АҚШ пен Ресей одақтас мемлекеттер болатынына сенемін. Мен Путинді қолдаймын.

"АҚШ пен Ресей одақтас мемлекеттер болатынына сенемін. Мен Путинді қолдаймын.

Ресей Украинаға басып кірмеген және де Демократиялық партияның ұлттық комитетінің электрондық поштасының бұзылуына Ресейдің еш қатысы жоқ", - деп Ресейге қолдау көрсеткен еді Дональд Трамп. 

Сонымен қатар, Трамп НАТО ұйымының болашағына күмәндана қарайтынын да айтты. Трамп өзін Ресей кеңесшілерімен қоршап, Ресеймен жаңа альянс құруды жоспарлауда. "Көптеген әлемдік деңгейдегі мәселелерді (Сириядан бастап қарулы күштерді бақылауға алу сияқты) шешу үшін екі ел бірігіп, жұмыс атқару керек", -деп айтты АҚШ-тың жаңа президенті.

Оксфорд университеті Сент-Энтони колледжінің қызметкері Владимир Пастухов: Трамп тәуекелшіл, кез келген кезде өз шешімін өзгертуі мүмкін. "Менің ойымша, Трамптың қарым-қатынастары «Америка таулары» секілді болады – бірде жоғары, бірде төмен, алайда ешқашан бірқалыпты болмайды», - дейді Владимир Пастухов. Мен «Трамп Ресей үшін ең тиімді таңдау» деген әңгімемен келіспеймін. Ол бизнес-мәдениетті қолдайды, ал ондай адамдар тәуекелшіл, тек пайданы ойлайды және соған байланысты шешім қабылдайды. Путинге Трамппен тіл табысу қиынға соғады деп ойлаймын. Басында Трамп Путиннің «Қырым күнәларын» кешіріп, оны Таяу Шығыс шөлді аймақтарымен қызықтырады", - деп қорытындылады Пастухов.

Ал, Ресей мен Азия программаларының директоры Николай Злобин: Трамп – Ресей рулеткасы секілді, жасы 70-ке келсе де, саясат әлеміне енді ғана араласып жүр. «Ресейде Клинтон-танушылары көп. Олар онымен бірге жұмыс істеген, келіссөз жүргізген, танып үлгергендер. Алайда Ресей саясаткерлері Трамппен таныс емес. Трамп сыртқы саясатқа өзгерістер алып келуі мүмкін. АҚШ конгрессі антиресейлік бағытта екенін ұмытпаған жөн. Жаңа конгресстің қандай болатынын әлі көре жатармыз. АҚШ пен Ресейдің өзара қарым-қатынасын құру барысында АҚШ-тың жаңа президентіне қалаған емін-еркіндік берілмейді», - деп пікір білдірді Злобин.

 «Путин мен Трамптың қарым-қатынасы жақсы. Сонымен қатар Дональд Трамп Ресей мен АҚШ қарым-қатынастарын әрі қарай дамытуға уәде берген болатын. Путин де оны қолдайды. Ал, Қырымға келетін болсақ, Дональд Трамптың Қырымға ешқандай қатысы жоқ. Қырым – Ресей аймағы. Бұл – факт. Ресей Трамптың Қырымды мойындауын күтпейді», - деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Ресей экономисттерінің басым көпшілігі Трамптың жеңісіне қуанудың да, қайғырудың да қажеті жоқ деп есептейді. Алайда Ресей мен АҚШ-тың одақтастығы бүкіл әлемге жақсы әсер ететініне сенеміз!

Шолушы: Ишанхан Даяна

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір