• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:22:43
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

ӘЛЕМ БАСПАСӨЗІ: «ТРАМП ПЕН ҚИЯМЕТ ТЕРМИНІ БІРДЕЙ»

Бүгін күннің басты жаңалығы - АҚШ президенті болып

Бүгін күннің басты жаңалығы - АҚШ президенті болып Трамптың сайлануы. «Қамшы» тілшісі осыған орай әлем баспасөзіне шолу жасады.

Еуропа баспасөзі, Республикашыл үміткер Дональд Трамптың АҚШ-тың 45-інші президенті болып сайлануына үлкен әріптермен орын берді.

Германияның Focus журналы Трамптың кейбір мәселелерге байланысты негативті көзқарасының әріптестікте қиындықтар тудыратынын болжап, «Ресей президенті Путинге де тілектес, ядролық қару қолдануға дайын болуы, Мексика сияқты мемлекеттерге қарсы көзқарасы, бейбітшілік пен татулыққа бағытталған саясатты көрсетіп тұрған жоқ. Онсыз да шиеленісіп тұрған халықаралық әріптестік жаңа зор сынақтармен бет-бет қалады», - деп жазды.

Frankfurter Allgemeine Zeitung газеті болса, «ойға да кірмейтін бірдеңе жүзеге асты» деп пікір білдіріп, «өз миссиясына ие президент» деген тақырыппен, «Ақүйге көшетін Дональд Трамп бүгінге дейін өз эгосымен назарға ілінді. Бәсекелесіне деген ықпалы үлкен болғандықтан америкалықтар оны бір сынап көруге шешім қабылдады» деген көзқарасын жариялады.

Süddeutsche Zeitung газеті болса, «Трамптың жеңісі АҚШ пен әлем үшін жаңа күннің тууы» тақырыбымен «АҚШ-та халықтың басым бөлгі бір төңкерісті қалайды, бұны да президент Трампен тапты. Ел екіге бөлінді. Көптеген азаматтар болашақ үшін қорқады. Әлем әрең тыныстап тұр» деген сөздерді қолданды. 

Der Tagesspiegel газетінде болса «Ақ адамдардың кегі» тақырыбымен, «Президент Трамп па?  Бұл сілкінер жағдай, тіпті бір дау. Хилари Клинтонға қарсы болғандардың пікірлерге қарамастан әлемнің ең маңызды сайлау мекемесі үшін екі кісіден бірінің қайсысы лайықты екені белгілі. Ол әлбетте Клинтон еді. Сайлаудан бұрынғы теке-тіресте кімнің өзін дисквалификация жасағаны да белгілі. Трамп, өзіне деген мақтауларға толы, ойдан шығарылған айыптауларға толы бір сайлау алды науқан жүргізді», деп бағалады.  

Ағылшын басылымы BBC АҚШ-тағы сайлау нәтижесі туралы хабарында, «Бір жылжымайтын мүлік патшасы мен телевизия жұлдызының АҚШ-тың жаңа президенті болып сайланғанын айта келе, «Америкалық Арабтардың 11 қыркүйек шабуылына сүйінуі», «АҚШ-тағы мешіттердің бақылауға алынуы», «әйелдердің саяси ұстанымдарына қарай жіктелуі» мен «АҚШ-та зорлық зомбылықтың» тағы да қолға алынуының басталуы» сияқты Трамп сенетін 30 пікір мен саясатты тізбектеп жазды.

BBC айрықша, сайлау жеңімпазы Трамп болатыны қылаң бергенде-ақ, жаһандық биржаларда құлдырау болғанын айта келіп, Трамптың сайлануының Англияның Brexit шешіміне ықпалын да атап өтті. BBC, Еуропа одағына күмәнмен қарайтын Трамптың Ұлы Британиямен сауда байланысын арттыруға талпынатынын болжады.

Sky News болса «Brexit мырзасы» деп сипаттаған Трамптың АҚШ президенті сайлануын Англия Премьері Theresa May-дің Brexit жоспарларына өзгертулер жасауына себеп болуы мүмкін деді. Арнаның саси редакторы Faisal İslam, мәселеге байланысты сараптамасында Трамптың алғашқы Шет елге сапары Лондоннан басталуы мүмкін, екі ел арасында жаңа сауда қатынастары орнайды деп болжады.

Нәтиженің нақтылана бастаған сағаттарында Ағылшын газеттерінен Financial Times (FT), бас беттен көрінген сайлау хабарына «Америкалық сайлаушылар, зор бір президенттік бәсекенің соңына жетуімен бақытты» тақырыбын жазды. Сайлаушылардың, танымалы емес екі үміткер арасында екіұдай пікір ұстанып, қақ жарылғанын жазған газет, Трамп пен Клинтон арасындағы саясат айырмашылықтарын ішкі беттерінде ашып жазды.

АҚШ-тағы жаңалықтарды «АҚШ шешім шығаруда» тақырыбымен естірткен Guardian газеті болса,  жаңа президенттің күнтәртібіне әкелетін мәселелеріне тоқталды.   Guardian-ның интернет бетінде орын алған хабарларында сайлау нәтижесі жариялана сала республикашылардың қол жеткізген табысы мен күш деңгейіне қарсы АҚШ-тың үлкен қалаларында антитрамптық наразылық шаралары өтіп жатқанына назар аударды.

Француздың Le Monde газеті Трамптың АҚШ-тың жаңа президенті болуын «Трамптың сайлануы әлем үшін бір зілзала болады» деген тақырыппен жариялады. Газеттің хабарында, «Англияның ЕО-дан шығу шешімі Еуропаны қалай сілкіндірген болса, Трамптың президент болуы да әлемге сондай бір сілкініс болады» делінген.

 Le Figaro газеті болса Трампқа байланысты хабарында «Трамптың сайлануы әлемді белгісіздікке сүйреді» тақырыбын қойды. Хабарда, Клинтонға қарсы үлкен бір жеңіске жеткен Трамптың экономикалық ортада үлкен бір алаң мен белгісіздікке себеп болғаны баса айтылды.

Liberation газеті  АҚШ сайлаулары үшін жариялаған арнаулы санында, Трамп пен Қиямет терминін бірлестіріп «Trumpocalypse» тақырыбын қолданды. Хабарда Трамптың сайлануымен АҚШ пен әлемнің болашағы әсіре оңшыл бір билікке бетпе-бет қалғанын атап өтті.

Италияның көп тиражбен тарайтын La Repubblica газеті болса, интернет сайтынан «Трамп президент. АҚШ сайлауында шок» деген тақырыппен сайлау нәтижесін жариялады.

Corriere della Sera  газеті болса, «Трамптың жеңісі. Оған Клинтон жеңілгенін мойындап телефон шалды» тақырыбын қойды. АҚШ президенттік сайлауының артынан  Milano биржасы тәулікті 2,4 пайыздық құлдыраумен бастады деп жазды басылым.

La Stampa газеті өз кезегінде, «Трамптың жеңісі» тақырыбын қолданып, Трамптың сайлау жеңісі мәлімдемесіндегі «Әр кімнің де президенті боламын» деген сөзіне мән берді. Газет, Миллиардер іскердің, критикалық және белгісіз деп танылған штаттардың дауысын алып жеңіске жеткенін жазды.

Rainews24 хабар арнасы «Трамп Ақүйге. Жүйеге соққы» тақырыбымен хабар таратса, Италия хабар агенттігі ANSA да «АҚШ сайлауларында шок. Жеңіс Трамптікі» тақырыбымен жаңалық жазды. 

Австрияның мемлекеттік телеарнасы ORF, «АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп» тақырыбын қолданып, Трамп бүтін жорамалдарға қарсы 45-інші АҚШ президенті болды» деп жазды.  

Хорватияның Dnevnik хабар сайты, «Әлемнің ең күшті адамы Трамп болды» тақырыпты хабарында Путин бастаған әлем лидерлерінің құттықтау хаттарына орын берді.

Босния және Герцеговинадағы Dnevni Avaz газеті Трамптың жеңіс мәлімдемесіндегі «Барлық елмен жақсы сыйласамыз» сөздерін жазса, елдегі тағы бір ықпалды басылым Oslobodjenje  де Трамптың президент болуы және оған айтылған құттықтауларға орын берді. 

Айта кетсек, қазіргі уақытта АҚШ-тың бірнеше қаласында жаңа президентке қарсы наразылық шаралары өтіп жатыр.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір