• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 12:42:58
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 Саясат

Ердоған Еуроодақты қатаң түрде сынға алды

Түрік Президенті Ердоған Стамбұлда «MÜSİAD EXPO» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысып, күн тәртібін бағалады, деп хабарлайды «Қамшы»...

Түрік Президенті Ердоған Стамбұлда «MÜSİAD EXPO» көрмесінің ашылу рәсіміне қатысып, күн тәртібін бағалады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы ТРТ-қазақ хабарына сілтеме жасап.

Режеп Тайып Ердоған Халықтардың демократиялық партиясының (ХДП) өткен апта тұтқындалған депутаттарының алдында «арқамызды ПКК/ПЙД/ЙПГ ұйымдарына сүйедік» деген сөздерін еске салып, «Ал бөлшектеуші террор ұйымы келіп сізді құтқарсын» деді.

Түркияның бұл депутаттарға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің (ТҰҰМ) есіктерін ашып, осында саясат жасауға жағдай жасағанын атап айтқан Ердоған «Бірақ олар ТҰҰМ кірген соң мемлекетті қорқытпақшы болды. ‘Сен мені жауапқа тарта алмайсың’ деді. Қолсұғылмау құқыңыз жойылған соң әрине сот органдары сені тергейді. Қолсұғылмау құқы жойылған соң сен де жай азамат сияқтысын. Басқа партия басшылары барып түсініктемесін беріп, қайтып жұмысын жалғастырады. Сіз де солай жасау керек едіңіз. Сіз қорқытпақшы болдыңыз, біздің арқамызда ПКК, ПЙД, ЙПГ бар дедіңіз. Келіп қазір олар сізді құтқарсын» деді.

Еуроодаққа да наразылық көрсеткен Ердоған «Ұялмай ‘Түркияның Еуроодақ келіссөз кезеңіне көз жүгірту керек’ дейді. Кешіктіңіз, тез арада көз жүгіртіңіз. Көз жүгіртумен шектелмей нақты шешіміңізді де қабылдаңыз. ‘Түркия террор тақырыбында сезімтал, абыройлы күресін жалғастырады’ деп көз жүгіртеміз десеңіз, кешікпеңдер. Өйткені біз террормен күресті соңына дейін жалғастырамыз» деді.

Еуроодақ келіссөздер тоқтаған жағдайда, Түркиядағы 3 миллион босқынның өздеріне жіберілетініне алаңдағанын атап көрсеткен президент «Бізге адам құқықтары мен демократия жайлы сабақ бермекші болған батыстық ұждан жылдардан бері Жерорта теңізі мен Эгей теңізінде жоғалып кеткен он мыңдаған адам үшін көз жасын төккен бе? Еуропаға бара алған босқындарға әртүрлі жәбірлеуді жасағандар біз жайлы әңгіме болған кезде арыстандай болады. Ұялмай қолдарынан аққан қанға қарамай, бізге «нацист» дейді. Нағыз нацист өздеріңіз» деді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір