• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:33:53
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ДОНАЛЬД ТРАМПТЫ ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Д.Трампты құттықтап, биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл...

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Д.Трампты құттықтап, биыл елдеріміз арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толатынын атап өтті.

Бұл туралы Қамшы порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Сіздің басшылығыңызбен Америка Құрама Штаттары дүние жүзінде тұрақтылықты, қауіпсіздікті сақтау және өсіп-өркендеу жолында тірек болып қала беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Елбасы Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүше болуы әріптестігіміздің маңызды кезеңіне айналатынына сенім білдірді.

«Біз Кеңес жұмысына елеулі үлес қосып, АҚШ-пен барлық өзекті мәселелер бойынша өзара тиімді іс-қимыл жасауға әзірміз», – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Дональд Трампқа табыс тілеп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір