• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:31:08
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

Мәжіліс төрағасы парламентте кімнің қожайын екенін үкімет өкілдерінің есіне салды (Видео)

Мәжіліс төрағасы парламентте кімнің қожайын екенін үкімет өкілдерінің есіне салды. Нұрлан Нығматулин бір-біріне сөз беріп, билеп-төстемек болған министрлерге...

Мәжіліс төрағасы парламентте кімнің қожайын екенін үкімет өкілдерінің есіне салды. Нұрлан Нығматулин бір-біріне сөз беріп, билеп-төстемек болған министрлерге шүйлікті. Алдыңғы спикерлердің жұмсақтығын пайдаланып еркінсіп кеткен шенеуніктер Нығматулин мырзаның бұған дейінгі төрағалық еткен кезіндегі қатаңдығын ұмыта бастаған сыңайлы.

Бұл туралы 31 арна  хабарлайды. 

Түске дейін республикалық бюджет мәселесін талқылап, үзілістен соң міндетті медициналық сақтандыру тақырыбына қатысты қайта жиналған депутаттардың сауалы көп болды. Бәрі де, бір қазанға құйылатын халықтың қаражаты талан-таражға түспей ме деп алаңдайтын сыңайлы.

ГЕННАДИЙ ШИПОВСКИХ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-  Ертеңгі күні сол құйылған ақшалары алаяқтық жасалып сырт елдерге кетпеуіне қандай кепілдік бар? Қордың банкроттыққа ұшырауы мүмкін бе?

Бұл сұраққа жауап берген денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова спикердің қаһарына ілікті.

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

- Экономиканың ауытқып, жағдайы нашарлаған кезде қаражаттың көпшілігі мемлекет тарапынан түсетін болады. Ал экономиканың тұрақты жағдайында болатын болса, қаражаттың көбісі жұмыс берушілер мен жұмысшылардан түсетін болады. Актуалды есептерді өткіздік. Қаржы министрлігі егер де қосымша ақпарат беретін болса, берер деген үміттеміз.

- Әрине, "жаман үйдің қонағы билейді" дейді. Төраға бар ғой. Береді сөзді. Әуелі өзіңе жауап бер.

- Кешіріңіз.

Бұл - Нұрлан Нығматулиннің үкімет өкілдеріне бірінші ескертуі емес. Өткен айда әріптестерінің сұрағына ұзын-сонар жауап беріп жатқан қорғаныс министріне "иа немесе жоқ деңіз" деп тыйып тастаған-ды. Ал 5-ші шақырылымда төрағалық еткен кезінде сол уақытта енді ғана тағайындалған жаңа министр Ерболат Досаевтың депутаттарға "Бәке" деп сөз сөйлегені ұнамай қалған болатын.

- У меня просьба к вам: комплиментарность в нашем национальном стиле оставьте для застолий - ваке, баке. Если обращаетесь к депутату, то по имени и отчеству

БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, Тілші:

- Жалпы міндетті медициналық сақтандыруға қатысты бірқатар сын айтылып, ұсыныстар да ортаға салынды. Бірақ, айналып келгенде депутаттар бұл заң жобасын бірауыздан мақұлдап жіберді. Тек, бірді-екілі мәжілісменнің "айтылған ескертпелер ескерілмесе екінші оқылымда құптамаймыз" деп мінез көрсеткені болмаса.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір