• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:51:54
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

Ақтөбеде пәтер алған тұрғындар баспанасыз далада қаламыз ба деп шулап жатыр (Видео)

Ақтөбеде «Оксибилд» құрылыс компниясынан пәтер алған тұрғындар баспанасыз далада қаламыз ба деп шулап жатыр.   Айтуыларынша, компания...

Ақтөбеде «Оксибилд» құрылыс компниясынан пәтер алған тұрғындар баспанасыз далада қаламыз ба деп шулап жатыр.   Айтуыларынша, компания ескертпестен тұрғындарға сатқан пәтерлерді банктерге кепілдікке қойған. Оның үстіне қазір аталған компанияның қаржы орталықтары мен салық комитетіне берешегі көбейгендіктен, меншіктегі барлық жылжымайтын мүліктеріне бұғау қойылған көрінеді. Соның салдарынан тұрғындар өздеріне тиесілі пәтерге құжаттарды да рәсімдей алмай жүргендерін айтады. Компанияның кепілдікке қойған үйлерін банк тартып алама деп тағы қорқады.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды. 

Айнұр Байторина осыдан үш жыл бұрын «Оксибилд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен екі бөлмелі пәтер алып, қоныс тойын тойладым дейді. Тіпті үй құнының алғашқы 50 пайызын төлеп, қалған 50 пайызына несиеге рәсімдегенін айтады. Бірақ қуанышы ұзаққа созылмапты. Айнұр өзіне тиесілі пәтерді компанияның банкке кепілдікке қойғанын тек жақында білдім дейді. Енді үш жыл бойы айына 100 000 теңгеден төлеп келген баспанасынан айырылып қаламын ба деп қорқады.

АЙНҰР БАЙТОРИНА, Тұрғын:

- Үйсіз қалам ба қорқамын. Потому что мен әлі собственник емеспін, үй маған аударылмаған. Мен алдыңғы жетіде компанияға барып келгенмін кредит төлеймін деп, ол жақта охранниктер кіргізген жоқ. Ешкім жоқ. Все отпечатано, барлығы жабық деп қайтарып жіберді.

Мұнда Айнұр секілді баспаналарынан айырылып қалуға қорқатын тұрғындар көп. Бәрі "Оксибилд" құрылыс қомпаниясынан үй алғандар. Тіпті кейбірі үйге рәсімдеген несиелерін толық өтесе де, пәтерлерін өз аттарына аудара алмай жүр екен. Өйткені компанияның банктер мен салық комитеті алдындағы қарызының барлығынан меншігіндегі жылжымайтын мүліктерінің бұғауланғанын айтады.

 ГҮЛНАР СӘРСЕНБАЕВА, Тұрғын:

- Кіргенде қуанып кірдік бәріміз. Енді мынау не болып жатыр, өтірік алдап бізді. Қандай еңбекпен, жас адамдар, балалар міне екі жұмыс істеп. Мынау масқара ғой енді. Далада қалайын деп тұрмыз ғой. Алдымыз қыс.

 Тұрғындардың айтуынша, осы күнге жағдайды компания өкілдері келіп түсіндірмепті. Мәселенің мән - жайын білуге кеңсеге талай рет барған. Бірақ  есік аузынан қайтыпты. Тұрғындардың кездесе алмай жүрген компания басшысын бүгін кеңседен ұстадық. Басшының бар айтқаны мәселені осы айдың аяғына дейін шешеміз болды.

ВИКТОР СИРОТА, «Оксибилд» ЖШС директоры:

- Қарашаның 30 -на дейін барлық жағдайды, оның ішінде банк, салық комитетінің мәселелерін шешеміз.

Осыған дейін де аталған құрылыс компаниясына ақшаларын салып, баспаналарын ала алмай жүрген бір топ ақтөбеліктер шу көтерген болатын. Енді пәтер алып, қоныс тойын тойлағандар баспанасыз қалудан сақтанады. Ендігі амалдары облыс әкімінен көмек сұрап хат жолдау. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір