• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 04:57:49
Ермекбаев: Жұмыс қауіпті, өмірлері үшін қауіп-қатер бар

10 Қараша, 2016 NEWS

АЙДОС САРЫМ. МИГРАЦИЯ МЕН ҚАЗАҚ КӨШІ

Кеше бір орыстілді Әріптесіммен сөзге келіп қалған едім. 

Кеше бір орыстілді Әріптесіммен сөзге келіп қалған едім. 
Оның пікірі үйреншікті: орыстілділердің елден кетуі үлкен проблема болып табылады. Себебі мемлекет есебінен білім алған мамандар басқа елдің экономикасына кетіп, пайданы соған түсіреді. Олардың орнын толтырып жатқан шеттен қайтқан қазақ ағайындардың экономикаға үлесі төмен деп дәлелдегендей болды маған. 
Мен басқаша уәж айттым. 
Мысалы, қаладан зауыттағы орыс инженер кетті делік. Кезінде мемлекет есебінен білім алды, кәсіпорында істеп тәжірибе жинады. Қазір осыған ұқсас кез-келген ресейлік кәсіпорынға дайын маман. Бұның кетуі сөзсіз экономикалық шығын. Бірақ дәл бүгінгі күнге қатысты экономикалық шығын. 
Ал есесіне, сол ауылға не қалаға жас қазақ отбасы келді делік. Кеткен мамандай білігі мен тәжірибесі жоқ делік. Әрине бірден Әлгінің орнын толтыра алмайды. Бірақ...
Ұзақ мерзімді даму, пайда тұрғысынан жас отбасының экономикаға үлесі басым бола бермек. 
Мысалы, жаңағы орыс инженер ертең зейнетке шығады. Кемпірі екеуін бағып-қағатын жаңағы жас отбасы болмақ. Себебі өзінің екі баласы баяғыда Ресейге кетіп қалған. Түсірген экономикалық пайдасын зейнетақы, аурухана арқылы сорып алады. Кемі 10-20 жыл таза салмақ түсіреді. 
Жас қазақ баласы дұрыс бағыт алса, жай-күйі, мотивациясы болса оқуын жалғастырады, тәжірибе жинақтайды. Бұл бірінші кезеңде тағы да шығын. Бірақ, түбі қайтатын шығын.
Ертең бұл қазақ кәсіпорындағы қызметке келеді. Жаңағы орыс маманның орнын басады. Жақсы болсын, жаман болсын, үйренеді, маманданады. Осы кезден бастап экономикалық тиімділік басталады.
Есесіне.
1. Бұл қазақ шетке қарайлай бермейді. Елінде қалады. Яғни оған құйылған білім, ғылыми инвестициядан келетін пайда елде қалмақ.
2. Ұзақ уақыт бойы бұл қазақ зейнет пен Әлеуметтік салаға салмақ салмайды. Тапқан нәпақасын көрші елге емес, өз еліне салады. 
3. Жас болған соң бұл қазақ бала табады. Бүгінде халықтың қартаюы үлкен экономикалық проблема болып отыр. Егер қазақтар жас ұлт болмағанда ел үкіметі Әрбір келген қытайлықтың көтенін сүюге мәжбүр болар еді! Халықтың жас болғаны, санының тұрақты артуы - бас ауру емес. Керісінше, экономикалық мүмкіндік!
Рас, жас отбасыға жағдай керек. Балабақша, мектеп, баспана, несие. Бірақ бұл да еңбек орындары! Бұл да салықтар! Кəрі отбасыға тек аурухана, ғибадатхана мен зиратстан ғана керек болады. Қайсысы үміт беретін экономика сонда? 
Мысалы, 2050 жылға дейін ОҚО халқы 5 миллионға жетеді. Есесіне Ресеймен шекаралас облыстардың халқы жыл сайын теріс өсім көрсетіп жатыр. Ол жақтың орысы түгілі қазағы қазақ көшіне дұрыс көзбен қарамайды. Ал ол жақтағы халық санының кемуі барша облыстың экономикасын құлдыратып жатқанын дұрыс ұқпайды. Жалпы сұраныс пен тұтыну құлап жатқан облыста экономикалық өсімнің болмайтынын өздері де ұғына бермейді. Бүгінімен ғана, бүгінгі комфортымен ғана ғұмыр кешуге құмар. 
Қысқасы қазақ көшінің мәселесін экономикалық тұрғыдан, ұзақ мерзімді экономикалық стратегия тұрғысынан да зерттеу керек. Оның сыртқы және ішкі өлшемін де зерттеу керек. Осы бойынша кез-келген қарсыласты пайыммен, санмен, сапамен сындыра білуіміз керек.

Қазақ көші демекші...
Күні кеше Премьер Сағынтаев кезінде жабылып қалған педиатрия бөлімдерін қайта ашып, жандандыру туралы шешім қабылдады. Өте орынды шешім!
Бірақ мынаны ескерсек. 
Бүгінде еліміздің экономикасы да, оның денсаулық сақтау картасы да бірдей, бірегей емес. 
Негізгі өсімді беріп отырған аймақтар оңтүстік пен батыс. Бұлар қазақтілді аймақтар. Яғни педиатрлардың басым көпшілігі қазақшаны жақсы білуі керек. Басым көпшілігі осы оңтүстік пен батысқа дайындалуы, сонда барып қызмет етуге дайын болуы керек.
Есесіне, солтүстік өңірлердегі Әлеуметтік сала мен медицина сəл өзгеше болады. Халықтың өмір сүруі жақсарды, өмір сүру уағы артты. Ол аймақтарға бүгін педиатрлар емес, керісінше геронтологтарды дайындау керек. Себебі бала денсаулығы мен қарттар денсаулығы екі бөлек медицина, екі бөлек экономика. Балдары Ресейге кеткен орыс зейнеткерлерін бағып қағатын ба қазақ көшімен барған қазақ жастары болады. Солтүстік аймақтарға Әлеуметтік қызметте жүретін дəрігер-геронтологтар, əлеуметтанушылар, қариялар үйінің қызметшілерін көптеп дайындаса артық етпейді.

Facebook-тегі жазбасынан.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір