• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
16 Қазан, 16:20:35
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің келесі кезеңіне 904 қатысушы өтті

10 Қараша, 2016 Кәсіпкер

Ризабек Ұстаз: Үкімет құранға ашық қарсы шығып жатыр (Видео)

Интернетте Ризабек Батталұлының қыздардың орамал тағу мәселесі туралы билікке қарата айтылған сын-ескертпесі жарияланды, деп хабарлайды "Қамшы"...

Интернетте Ризабек Батталұлының қыздардың орамал тағу мәселесі туралы билікке қарата айтылған сын-ескертпесі жарияланды, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. Онда ол, Орамал тағу мәселесі туралы билікті мұсылмандармен мәмелеге келуге шақырады.

Ризабек Батталұлы — «Әл-Азһар» университетінің «хадис» бөлімінің түлегі. Ризабек ұстаз Шейх Хазим Кайлани, Шейх Хамдалла, Шейх Джамал Фарух, Шейх Мустафа Кинауи сияқты ханафи шейхтарынан және басқа да аты танымал әрі сыйлы ғалымдардан сабақ алған.

Айта кетер болсақ, Қазанның 19-ы күні Қазақстанның үш бірдей министрлігі: білім және ғылым, әділет, дін және азаматтық қоғам министрліктері Қазақстан заңнамасына сәйкес діни бағыттағы киімдерді мектепке киюге тыйым салынғанын мәлімдеді.

Бұған байланысты: "Діни ерекшелігі бар киім, орамал, хиджаб және т.б. киюге жол берілмейді және бұған дейін де тыйым салынған. Заңнаманың нормалары барлық ұлтқа ортақ. Діни киімді тек білім мекемесінде киюге болмайды. Оның сыртынан тыс жерде не кисе де өз еркі. Олардың діни көзқарасына шектеу жоқ. Ешкім де баланың киімін күштеп шеше алмайды. Әзірге «баламды мектепке кіргізбеді» деген шағым түскен жоқ. Біз оқушы құқығын бұзбаймыз. Бірақ олардың да ережені бұзуына жол бермейміз", - деген еді білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева.

Ал, Қазанның 24-і күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) оқушы қыздардың мектепке орамал (хиджап) тағып баруына байланысты "мұсылман жамағаты мен ата-аналарды оқу орындары басшыларымен ортақ мәмілеге келуге" шақырған болатын.

ҚМДБ исламда шариғат талабы бойынша ата-анасы кәмелеттік жасқа толмаған қызына орамал таққызып, жалпыға ортақ білім алуына тыйым салмауы тиіс екенін айтады. Мәлімдемеде «ата-аналар Қазақстандағы білім беру жүйесі оқытуды ғана емес, адамды өнерге, спортқа, зияткерлік дамытуға бағытталғанын сезінуі керек" деп жазылған.

Сондай-ақ, Діни басқармасының орамалға қатысты 2013 жылы шығарған пәтуасы да бар. 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір