• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:36:55
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

Африкалықтар алып жылан ішіндегі жұмыртқаларды көріп қатты таң қалды (фото)

Ауыл тұрғындары әдеттегі жыланның шектен тыс ісініп кеткеніне қайран қалады. Тіпті, ол төрт түліктің бірін жеп қойған болар деп күдіктенеді. Артынша оны...

Ауыл тұрғындары әдеттегі жыланның шектен тыс ісініп кеткеніне қайран қалады. Тіпті, ол төрт түліктің бірін жеп қойған болар деп күдіктенеді. Артынша оны өлтіріп, ішін жарып көреді. Жыланның ішінде ондаған жұмыртқа бар екен.

Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап, STAN.KZ жазды.

Фермерлер ісініп кеткен жыланға қарап, оның асқазаны кеңейіп кеткен болар деп ойлайды. Яғни, айналасындағыларға зияны тиер деген оймен оны өлтіреді. Осылайша, Нигерия тұрғындары оның ішінен он шақты жұмыртқа тауып алады. Әдетте Батыс Африка тұрғындары жыланның жұмыртқасын деликатес ретінде тұтынады. Бұл жыланның нақты қай түрі екені белгісіз. Себебі, кей жылан күніне 100 рет жұмыртқалайды.

Пікір білдірушілер фермерлердің әрекетін құптады. Көпшілік енді он шақты адамға пайдасыз жыланның туылмайтынын меңзеді. Ұзындығы бірнеше метрге жететін жылан анакондаға ұқсайды. Алайда анакондалар тек Оңтүстік Америкада бар. Сол себепті, бұл жай ғана африкалық питондардың бірі болуы мүмкін. Ғалымдардың зерттеуінше, африкалық питон – әлемдегі ең ұзын жыландардың бірі. Оның ұзындығы 6 метрге дейін жетуі мүмкін.

ртрт

1950 жылы жазылған деректердің бірінде 7 метрлік питон мен тағы да бір 7,5 метрлік питонның атып өлтірілгені жазылған. Өзге жыландар секілді африкалық питон қорегін алдымен уландырып, артынша оны өзіне сорып алады. Бұдан кейін ол оны тұншықтыра бастайды. Әдетте жан-жануарлар тұншыққандықтан емес, жүректері тоқтағандықтан өледі.

3A36321E00000578-3920746-image-a-148_1478713901950

Африкалық питондар түрлі кеміргіш, қолтырауын, кесіртке, тышқан, құс, жарқанат, бөкен сынды жан-жануарлармен тамақтанады. Кейде ол, тіпті, сілеусін сынды мысықтар мен күшіктерді жеп қоюы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір