• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:26:59
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

АСТАНА ӘКІМДІГІ ОРЫНБОР КӨШЕСІНЕН ҚҰТЫЛУҒА НЕГЕ АСЫҚТЫ?

Бүгін Астана қаласында мәслихат шешімімен бірқатар көшелердің атауы ауысқаны, жаңа көшелерге ат берілгені белгілі болды. Мәслихат депутаттары Елорданың негізгі...

Бүгін Астана қаласында мәслихат шешімімен бірқатар көшелердің атауы ауысқаны, жаңа көшелерге ат берілгені белгілі болды. Мәслихат депутаттары Елорданың негізгі даңғылдарының бірі Орынбор көшесін «Мәңгілік ел» деп атауды ұйғарыпты.

Орталықтан аластатылған Орынбор атауы енді бұған дейін шартты түрде Е10 аталып келген жаңа көшеге берілмек екен.

Бұдан бөлек Есілдің сол жағалауында ендіь Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Сұлтанбек Қожанов, Қайым Мұхамедханов, Николай Тесла, Рабиға Есімжанова, Саттар Ерубаев, Сүйінбике ханшайым, Бұқар жырау есімдерімен аталатын жаңа көшелер пайда болмақ. Сондай-ақ, И. Панфилов көшесіне Сәкен Жүнісовтің есімі беріліп, Б. Майлин көшесі А193 көшесімен қосылмақ. Ал, бұрынғы Хусейн бен Талал көшесі Ұлы дала даңғылы, Еңбекшілер көшесі Әлихан даңғылы аталмақ.

Бұл ономастикалық шешімдерді негізінен құптауға болады. Алаш көсемі Әлиханның атын ұлықтау, басқа да ұлт қайраткерлерінің есімдерін жарыққа шығару қолдауға тұрарлық бастама. Тек, күмән туғызғаны Орынбор көшесінің өзгеруі болып отыр. «Мәңгілік Ел» қақпасы орналасқаны үшін ғана көше атауы өзгертілген болса, онда әкімдіктегілер мен мәслихат депутаттарының оңбай қателескені. Орынбор атауы, сондай қаланың, Орынбордай астанамыздың болғанының өзі ел тарихының айнымас бөлігі, келешек ұрпақ үшін нағыз мәңгілік ел мұратының, бай тарихымыздың бір белгісі емес пе? Астанаға дейін Алматы, Қызылорда, Орынбор, Семей қалаларының ХХ ғасырда Алаш үкіметінің, Кеңестік Қазақстанның астанасы болғанын елдің білгені қылмыс па? 

Жоқ әлде, «Кезінде Қырымға курортқа баратынбыз» деп Украинаның аралын тартып алған Ресейдің әлімжеттік саясатынан сескеніп отыр ма биліктегілер? Жоқ, Ресей біздің Орынбордан дәмеміз бар деп сезіктеніп, соны ымдап жеткізді ме екен біздің басшыларға? Әйтпесе, қаншама уақыттан бері көз үйреніп, құлаққа сіңісті болып қалған көше атауын өзге көшелермен бірге едел-жедел ауыстырып жібергені қалай? Несі болса да, Сарайшық, Сығанақ сынды ежелгі астаналарымыздың атымен аталатын көшелердің бір аумаққа шоғырланғаны әлдебіреулерге ұнамайтын секілді. Әйтпесе, көше атауы "Мәңгілік ел" салтанатты қақпасының сынын кетіріп тұр дегенді еш жерден естімеп едік.

Жомарт Абдоллаұлы

Darkhan Muqantegi

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір