• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:03:29
Алматы
+35°

10 Қараша, 2016 NEWS

ЖЕРІМІЗДІҢ ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ ӨТІП КЕТУІНЕ ОТАНДЫҚ ЗАҢДАР МҮМКІНДІК БЕРІП ОТЫР

Шығыс Қазақстан облысына жасалған сапар барысында анықталған тағы бір мәселемен бөліскім келіп отыр.

Шығыс Қазақстан облысына жасалған сапар барысында анықталған тағы бір мәселемен бөліскім келіп отыр.

ШҚО Өскемен қаласында 2014 жылдың 05 мамырында «long Хin» (Лун Син) международная торговая компания по Восточно-Казахстанской области" атты жаңа жауапкершілігі серіктестігі жергілікті Әділет басқармасында тіркеліп, заңды тұлға құзіретіне ие болады. Серіктестік басшысының аты-жөні Сунь Лицзюнь.

ШҚО Бесқарағай аудандық әділет басқармасының 10.11.2016 жылы берген анықтамасына сәйкес «long Хin» серіктестігінің екі құрылтайшысы бар екен. Оның бірі ООО "Алтай Синьцзи международная торговая компания" серіктестіктің 50% үлесі бар, ал екіншісі ООО "Илун подсолнечник компания в городе Даань" серіктестікте 50% үлеске ие.  Бұл заңды тұлғалардың атынан-ақ екі құрылтайшының да Қытай елінде тіркелгенін аңғаруға болады. Бір сөзбен айтқанда «long Хin» серіктестігі Қытай елінің Қазақстанда тіркелген заңды тұлғасы деп түсінген дұрыс.

Осы Қытай елінің Қазақстанда тіркелген заңды тұлғасы 09 қазан 2015 жылы ШҚО Бесқарағай ауданының жариялаған ауылшаруашылық жерлерін жалға беру жөніндегі конкурсына қатысып, 4 лот бойынша 14754 гектар жерді жалға алады.

Бұл жердегі айтпағым, Қытай компаниялары тарапынан Қазақстан заңдарын бұзушылық жоқ. Тек Қазақстанның заңдары, оның ішінде ҚР Жер кодексі, ҚР«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңдарына сәйкес шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар еш кедергісіз Қазақстанда жаңа заңды тұлға құрады да, жерді қалауынша жалға да алады, сатып та алады.

Бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне, жердің тұтастығына, түбінде ел тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Сондықтан, біз бірнеше облыстарды аралай жүріп, қолданыстағы заңдарға да талдау, сараптау жасап, оның олқы жерлерін де анықтап жатырмыз. 

Алдағы уақытта ҚР Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, Ауыл шаруашылық министрлігі, Парламент қоғам белсенділерімен, «Алаш жолы» қозғалысымен бірлесе отырып, көптеген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүздеген, мыңдаған гектар қазақ жерінің шетелдіктердің қолында кетуіне тосқауыл қоюға тиіспіз.

Осындай түрлі заңдардың олқылықтарын (бәлкім әдейі жасалған да болар) пайдаланып ауылшаруашылық жерлеріне ие болған шетелдік жеке немесе заңды тұлғалардың қатысуымен құрылған серіктестіктер мен қоғамдарды анықтап, олардың қолындағы жерді мемлекетке қайтару жұмыстарын жүргізуге тиіспіз. Оған бүкіл халық болып жұмылуы керек. Сонда нақты нәтиже болады, жерімізді сақтап қаламыз.

 

Айдын Егеубаев «Алаш жолы» қозғалысының мүшесі

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір