• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:01:26
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 NEWS

Қанат Ислам атыраулық жетімдерге теледидар сыйлады

Бүгін, 11 қарашада кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Атыраудағы Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер үйінде барды. 

Бүгін, 11 қарашада кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Атыраудағы Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер үйінде барды. 

Спортшы өңірге облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыруымен келген.

- Біздің спортшылар Қанат Исламды өздеріне үлгі тұтады. Оның жеңістерінен шабыт алады. Әйгілі боксшыны жастарға шеберлік класын өткізуге және бірнеше кездесулер ұйымдастыру үшін шақырдық, - деді дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Қанат Ислам шеберлік класын өткізбес бұрын Сабыр Қазыбаев атындағы жетімдер үйіне бас сұқты. Ол балалармен еркін әңгіме айтып, олардың дайындап қойған концертін тамашалады. Кездесу соңында Қанат Ислам балаларға плазмалық теледидар сыйлады.

- Сөзімнің соңында сіздерге мына бір нәрсені айтқым келеді. Өмірде түрлі жағдайлар болады. Кейде салың суға кетіп, бәрін тастап жатып алғың келеді. Бірақ мұндай кездерде өз-өзіңді қолға алып, табандылықты одан әрі еселей түсу керек. Біз таңдай қағып жүрген чемпиондар жетістікке бір ғана принциптің арқасында жетті. Ол - ешқашан берілмеу. Осы ережені өмірлік ұстаным етіп алатын болсаңдар жеңіске жетесіңдер, - деді Қанат Ислам.

Кездесуден соң боксшы жергілікті студенттермен әңгімелесіп, жас спортшыларға шеберлік класын өткізді, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.

Айта кетелік, Қанат Ислам 2012 жылы бірінші орта салмақта WBA Fedecaribe титулын жеңіп алған. Спортшы 2008 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері, спорт шебері. «Astana Arlans» (WSB) командасының капитаны болған.

Естеріңізге салайық, 29 қазанда Алматыда өткен жекпе-жекте Қанат Ислам гааналық Патрик Аллотейді жеңген еді. Осылайша, спортшы кәсіпқой бокста 22-ші жеңісіне қол жеткізді. Боксшы жекпе-жектерінің 18-ін нокаутпен аяқтаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір