• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 08:22:53
Алматы
+35°

11 Қараша, 2016 NEWS

Қазақстандық жұлдыздар тығырыққа тірелді

Ержүрек Василий Левит неліктен Жанар Дұғалованың нәзік еріндеріне көз айырмай қарады? Неге Қайрат Түнтеков сахнада тұрып, кенеттен қасқыр болып ұлыды? Неге...

Ержүрек Василий Левит неліктен Жанар Дұғалованың нәзік еріндеріне көз айырмай қарады? Неге Қайрат Түнтеков сахнада тұрып, кенеттен қасқыр болып ұлыды? Неге әйгілі боксшы Серік Сәпиев командасы үшін жанұшырды? Әр жұма сайын 14.00-де 31 арнадан «Это Казахстан, детка» реалити-шоуын тамашалаңыз! Жұлдыздарымыздың туған елі жайындағы қияңқы, тосын сұрақтарға жауап бергенде қалай тосылғанын өз көзіңізбен көресіз, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

- Бір актерге қалжыңдадым деп қорықпаңыз. Тек уақытында кешірім сұрай алмасаңыз қорқыңыз! – деп әзілдеді шоудың жүргізушісі, танымал актер, продюсер Даут Шайхисламов, телевикторинаға қатысушы олимпиада жеңімпаздары, елімізге танымал боксшылар Василий Левит пен Серік Сәпиевті көпшілікке таныстырып тұрып. Қазақстандық көрермендер арасында танымалдыққа ие бола бастаған жаңа шоудың кезекті бір түсіріліміне таныстыруды қажет етпейтін кіл жеңімпаздар жиналды. Олардың ішінде, Әдемі, Жанар Дұғалова және Қайрат Түнтеков пен Адам бар. Орындаушылардың әрқайсысы әлемдік деңгейдегі сайыстарда Қазақ еліне алтын медаль мен бірінші дәрежелі диплом сыйлаған тума таланттар. Ал бұл жолы 31 арнаның продюсерлері олардың туған елі жайындағы білімін сынға салып көруге бел буды.

Шынын айту керек, жүргізушінің сұрақтары қатысушыларды бірнеше рет тығырыққа тіреді. Ақтөбе тұрғындары көп уақытын құмда өткізеді деген рас па? шортандыны Бурабайдағы ең терең көл деп атауға бола ма? Ермек Тұрсыновтың қандай фильмдері Оскарға номинант болды? Қазақстанда тойға ақшадан басқа не сыйлайды? Қазақстандықтарды шетелде қандай белгілеріне қарап таниды?

…Әдемі ойланып үнсіз тұрды, Серік Сәпиев қарсылас команданың көрермендердің сыбырына құлақ түріп, көзді бақырайтып қойып, олардан көмек сұрағанына, оның командасына қиын тапсырмалар берілетініне қатты ашуланды. Жанар Дұғалова музыкалық байқауда қатты қобалжығаны сонша, өзінің орындауындағы әнді білмей қалды! Сол кезде Адам Гиль бастаған қарсылас командадағы Қайрат Түнтеков, Әдемі және Серік Сәпиевтердің қалай қуанғанын көрсеңіз ғой!

Тез арада есін жию керек екенін түсініп, әнші бірден еңсесін көтерді. Телевикторинаның байқауларының бірінде Жанар Дұғалова Достоевскийді жақсы көретінін айтып қалса, тағы бірінде Василий Левитке қазақ тіліндегі сөздердің қалай дұрыс айтылатынын ернімен көрсетіп, белгілі боксшы ұстазының қимыл-қозғалысына арбалған тәртіпті оқушыдай әншінің ернінен көз алмай, күрделі сөз тіркестерін мүдіріссіз қайталап шықты. Содан кейін борсықтар неліктен Қазақстанда күннің ысуына себеп болады деген сұраққа ойланбастан жауап берді. Бөгеттердің көптігіне байланысты деп ойлайсыз ба? Қателесесіз, қымбатты көрермен! Дұрыс жауапты білгіңіз келсе, алдағы жұмада сағат 14.00-де 31 арнаны қосыңыз! «Это Казахстан, детка» телевикторинасы сауатыңызды ашып қана қоймай, сіздің және жақындарыңыздың көңілін көтереді!

- Логикалық сұрақтарға ойландық, маған сонысы ұнады! – деп өз ойымен бөлісті Әдемі есімді әнші түсірілімнен кейін. – Осындай бағдарламалар, әсіресе балаларға арналғаны көп болса!

- Көңілді бағдарлама, жақсы демалып қалдым, - дейді Серік Сәпиев. – 31 арнаға осындай шоулар көп болсын деймін. Сәттілік тілеймін.

- Мен ешқандай да қиналған жоқпын, көңілді бағдарлама, залдың атмосферасы да ұнады, - деп әріптесімен келісетінін білдіргі Василий Левит.

- Шынымды айтсам, бұдан да күрделі тапсырмалар болатын шығар деп ойлағанмын, негізінде, біраз ойлансаң жетіп жатыр екен. Көңілді шоу! – деп, Жанар Дугалова бағдарламаға қарсы емес екенін білдірді. Анық-қанығын білгіңіз келсе, жұма күні 14.00-де 31 арнаны қосыңыз!

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір